{metadescription}
Петропавлды абаттандырған кәсіпкерлер еңбекақысын ала алмай жүр
Петропавлды абаттандырған кәсіпкерлер еңбекақысын ала алмай жүр

Петропавлды абаттандырған кәсіпкерлер еңбекақысын ала алмай жүр

Петропавлды абаттандыру, көріктендірумен айналысқан кәсіпкерлер еңбекақысын ала алмай жүр. Айтуларынша, «Коммунхоз» коммуналдық мекемесі оларға миллиард теңгеге жуық берешек. 18 фирма бір жарым жылдан бері сол ақшаға қол жеткізе алмай дауласумен келеді.

Бағлан Ысқақов, кәсіпкер:

- Бүкіл құжат қолымызда. Атқарылған жұмыстарға қол қойылған. Барлығы қолымызда. Сотқа бердік. Сотқа бергеннің өзінде ақша жоқ. Төленбейді. Маған 18 миллион қарыз.

Бұл компаниялар қаланың тазалығына жауапты болған, яғни абаттандыру мен көріктендіру, қоқыс тазалау, қар күреу сынды шаруаларды атқарған. Жалпы саны 18 фирма «Коммунхоз» мекемесімен келісім жасасқан. Кәсіпкерлер бір жарым жыл бойы барымызды салып аянбай жұмыс істедік дейді. Жеме-жемге келгенде коммуналдық кәсіпорын бәрін тақырға отырғызды деп отыр.

Серіктестіктердің ең алды 170 миллион теңгесін қайтара алмай жүр. Ақшасын бермеген соң көбісі банкротқа ұшыраған. Ал тапсырыс беруші мекеме барлық фирмамен есеп айырысуға мұршамыз жоқ деп аузын қу шөппен сүрткен. Оның үстіне жаппай шағым жазылған соң кәсіпорынның есепшоты да бұғатталды. Енді кәсіпкерлер берешекті әкімдік өтесін деген талап қойып отыр. Алайда шенділер оның мүмкін емес екенін айтады.

Асқар Хабибулин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

- Әкімдік шығынды өтеп беру үшін бәрі заң шеңберінде болуға тиіс. Біз қарызды өтеуге қарсы емеспіз. Қаражат бар, ол бірақ бюджеттікі. Мәселе басқада. Бюджет заңнамасымен тікелей сіздерге ақша аудара алмаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде