{metadescription}
Семейлік Ырысгүл Қайратбек жеңімпаз атанды – «Бала дауысы»
Семейлік Ырысгүл Қайратбек жеңімпаз атанды – «Бала дауысы»

Семейлік Ырысгүл Қайратбек жеңімпаз атанды – «Бала дауысы»

«Бала дауысы» ұлттық ән байқауының жетінші маусымының жеңімпазы анықталды. Финалда өнер көрсеткен 18 дарынды баланың арасынан семейлік Ырысгүл Қайратбек үздік атанды. Гран-при иегеріне Диснейлендке жолдама және Қазақ ұлттық өнер университетінің гранты берілді.

Осымен жетінші мәрте өткен ән сайысына Нұрсұлтан Назарбаев қоры мұрындық болды. 

Еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден жүйрік финалға суырылып шыққан өнерлі өрендер. Санаулы минуттан кейін ұл-қыздар үлкен сахнада өнер көрсетеді. Бір айлық дайындықтан келген қатысушыларда жеңіске деген жігер басым.

Кәусәр Сахи, қатысушы:

- Күнде дайындалып, жаттығып жүрдік. Осы жаққа түскенге қатты қуандым. Дайын ретінде сезіп тұрмын. Сәл қобалжимын. Мақсатым –  жеңімпаз атану. 

Нұрсұлтан Назарбаев қоры мұрындық болған ұлттық ән сайысына қатысуға биыл 3 мыңнан астам жас өнерпаз өтініш жолдаған. Алайда музыкалық продюсерлер мыңдаған әншінің арасынан тек осы 18 дарын иесін таңдап алды. Ақтық сынға шыққан өрендер халықтық және эстрадалық әндерді музыкалық оркестрдің сүйемелдеуімен нақышына келтіріп шырқап, концертке келген қауымның құлақ құрышын қандырды.

Әділбек Болат, «Бала дауысы» ұлттық ән байқауы жобасының менеджері:

- Біздің байқағанымыз, жылдажылға әр бала бізді таң қалдырады. Олардың таңдаған репертуарлары, олардың дайындықтары. Қазір  балалардың дарыы жоғарғы деңгейде. Біздің байқауға дайын әнші болып келетін балалар да көп. Ең бастысы – біздің елдің таланттары мен дарындарын жарыққа шығару және оларды қолдау.

Қазылар алқасының шешімімен күміс көмей әнші балалардың арасынан Семей қаласынан келген Ырысгүл Қайратбек жеңімпаз атанды.

Ырысгүл Қайратбек, «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының жеңімпазы:

- Гранпри алғаныма өте қуаныштымын. Дайындалғаныма бір жылдай болды. Диснейлендке бару менің арманым болған. Арманыма жеттім. Және де көптеген достар таптым.

Гран-при иегері Диснейлендке жолдама алып, Қазақ ұлттық өнер университетінің грантын жеңіп алды. Ән додасында бірінші орын алматылық София Балғазинаға бұйырса, екінші жүлдеге Алматы облысынан келген Алсу Ұлуханова мен атыраулық Дильназ Ежірова ие болды. Үшінші орынды батысқазақстандық Максим Скоробогатов алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде