{metadescription}
Алматы тұрғындары: Құрылысты тоқтатпаса, үйіміз құлауы мүмкін
Алматы тұрғындары: Құрылысты тоқтатпаса, үйіміз құлауы мүмкін

Алматы тұрғындары: Құрылысты тоқтатпаса, үйіміз құлауы мүмкін

«Құрылысты тоқтатпаса, үйіміз құлауы мүмкін». Алматыдағы Саялы тұрғын үй кешенінің тұрғындары осылай шу шығарды. Айтуларынша, көпқабатты баспананың дәл іргесінен әкімдік кәсіпкерлік нысанын салуға рұқсат берген.

«Техникалық талап мүлдем сақталмады» деген адамдар ертең үйлері бір жағына қисайып қала ма деп алаңдайды. Ал тапсырыс беруші кәсіпкер барлық заң талбы сақталғанын айтады.

Тұрғындар өз күшімен төсеген асфальттің қазір астан-кестеңі шығып, ізі де қалмаған. Бұл техника қопарғанға дейінгі көрініс. «Ойын алаңынсыз қалдық» деп алаңдаған балалар да құрылысқа қарсылығын осылай әкімге жеткізбек болған. Алайда қанша жерден айтқанмен, естір құлақ табылмай тұр деп қынжылады.

Әділ Жайлаубаев:

- Үйіміз қисайса, бұл ғимаратты салып жатқан адамдар жауап бере ме, мысалы? Әрине, жауап бермейді. Өзіміздің балаларды да, кішкентай балаларымыз көз алдымызда ойнап жүргендері дұрыс қой. Бар жаққа шағымымызды бергенбіз, прокуратураға да, әкімшілікке де. Жаздық, айттық. Бір нәтиже шықпады.

2016 жылы қолданысқа берілген Саялыдағы бұл үйде негізінен мемлекеттік бағдарлама бойынша өткендер тұрады. Алты жыл бойы еш сыбыр шықпай, енді аяқ асты қыстың алдында құрылыстың қарқын алуы тұрғындардың шамына тиді. Жерді бұрғылаған техниканың дүмпуінен тіпті, қабырғалар дірілдеп, зәрені ұшырды дейді.

Жанар Қайдауылов:

- Үш күн болды ма, балам мүгедек, қопарған кезде балам дірілдейді. Кеше қатты қатып қалды, жедел жәрдем шақырдым. Бәрін тіркедім, бұларға алдында келіп «тоқтатыңдар, балам мүгедек» десем, ана кісі: «мүгедек болса, жазып ал» деп айтты.  

Нысанның паспорты бойынша екі қабатты ғимарат бой көтереді деп көрсетілген. Аумағы 266 шаршы метр. Тапсырыс беруші Ержан Төлеужан атты кәсіпкердің өзі осында төбе көрсетті. Бірінші қабаты дүкен, екіншісінде стоматология болады дейді. Ал техникалық талап бұзылды дегенмен келіскісі жоқ.

Ержан Төлеужан, кәсіпкер:

- Құрылысқа қатысты бүкіл рұқсат қағазы бар. Талонмен халыққа тұрмыстық қызмет ғимараты салына басталды. Ал енді халықтың шағымын түсінемін, сұрақтары бар шығар. Мүмкін әкімшілікке сұрақтары бар шығар? Бірақ біздің тараптан заң бойынша, заң шеңберінде рұқсат алынып, құрылыс басталып жатыр.

Қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманы да келіп жетті. Ол құрылыстың заңды екенін айтып, қосымша сұрақтармен басқа бөлім мамандары жауап беретінін айтты.

Дархан Тайсаринов, Қала құрылысын бақылау басқармасының бас маманы:

- Құрылыстың жүріп жатқаны бүгінгі таңда заңды.

- Ал тұрғындардың шағымына қатысты не айтасыз?

- Ол сұрақпен урбанистика Алматы қаласы қаласының жоспарлау және урбанистика басқармасына талапарыз жазып, сол жерден біле алады.

Осылайша тараптардың пікірі бір-біріне қайщы. Тұрғындар бұл мәселені сот арқылы шешеміз деп тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.