{metadescription}
Алматыда сансыз сынға ұшыраған BRT желісі өзгертілуі мүмкін
Алматыда сансыз сынға ұшыраған BRT желісі өзгертілуі мүмкін

Алматыда сансыз сынға ұшыраған BRT желісі өзгертілуі мүмкін

Алматыда сансыз сынға ұшыраған BRT желісі өзгертілуі мүмкін. Бұл арнайы жолақтың көшедегі кептелісті шешпегенін қала басшылығы мойындап отыр. Бірақ BRT желісі қашан, қалай өзгеретіні әзірге айтылған жоқ. Әзірге жоба ретінде ғана.

Жаңалықты естіген алматылықтардың бірі қолдай кетсе, енді бірі қыруар қаржы кеткен желіні ауыстырудың пайдасынан гөрі зияны көп деп санайды. Сарапшылардың пікірі қандай? 

Әңгіменің әлқисасы өткен аптада басталды. Қала әкімінің Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде жұрт Мұстафин көшесіндегі BRT желсінің зардабын айтып дабыл қаққан. Ерболат Досаев бұл мәселені қозғалыс жолақтарының ауыстыруымен шешетінін жеткізді.

Ерболат Досаев, Алматы әкімі:

- Мен бұл мәселе бойынша тапсырма бердім. Өкінішке қарай, BRT желісін биыл 31 мамырда ғана балансқа алды. Біз BRT желілерін жаңарту, яғни оларды оң жақ шеткі жолаққа ауыстыру жоспарын жасап жатырмыз. Мұстафин көшесінде қозғалыс аз болса, Тимирязев көшесінде жағдай қиын. Енді мәселені шешеміз. Бұл өзіміз жіберген қателіктермен жұмыс жасау.

Осылай деп әкімдіктің жіберген қателігін мойындаған Досаев Тимирязев көшесіндегі BRT желісін айтып отыр. Қазір мұнда автобустар ортаңғы жолмен, ал машиналар көшенің қапталымен жүреді. Енді қала басшысы қоғамдық көліктер жолағын екі шетке ауыстырып, темір тұлпарларды ортаңғы жолмен жүргізбекші.

Осы жаңалықты естіген қоғамның пікірі бірден қақ жарылды. Бірі BRT желісіндегі қозғалыс жолағының өзгеруін құптайды. Автобустардың оң жақ шетпен жүруі, бастысы, жолаушыларға қауіпсіз болады дейді автосарапшылар. 

Алексей Алексеев, автосарапшы:

- Қоғамдық көлік жолаушылары тікелей тротуарлардан кіре алады. Қазір адамдар көлік жүретін жолды өтіп барып, содан кейін ғана аялдамаға түседі. Ал тұрғындар кейде жаяу жүргінші жолағынан өтпейді. Енді BRT желісіндегі қозғалыс жолағы ауысса, жолаушыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз болады.

Ал өзге сарапшылар тыныш тұрған BRT желісін түртудің қажеті жоқ деп отыр. Айтуынша, жаңа өзгерістер қолға алынса, кептеліс одан бетер ушығып кетуі мүмкін.

Диас Маратұлы, Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының маманы: -

- Бұл шешімнің транспорттық, не ғылыми түрінен ешқандай түсіндірме жоқ. Бұл тек қана кейбір көлік иелерінің сұранысы бойынша ғана жасалып отырған шешім. Сол себептен әкім жәй адамдарға ұнағысы келіп, осындай зиян шешімге келіп отыр. Біз, керісінше, қоғамдық көліктерді дамытудың орнына артқа қайтып, зиян шешім қабылдап отырмыз.

 Әкімдіктегілер аталмыш екі көшедегі BRT желісіндегі қозғалыс жолағын өзгертуге қанша қаражат кететінін, қалай жүзеге асатынын айтпады. Жоба әлі әзірленіп жатыр екен.

Осыдан төрт жыл бұрын Тимирязев көшесіне BRT желісі салынғанда атқамінерлер «кептеліс азаяды» деген. Рассында да автобусқа мінсең, діттеген жеріңе жылдам жетесің. Алайда Тимирязев көшесінде көлікпен жүру қазір қиын. Енді жаңашылдықты еңгізуді жоспарлаған әкімдіктегілер осы жолы да артық қыламын деп, тыртық қылып қоймаса болғаны. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде