Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды
Ақтөбеде екі жігіттің өліміне қатысы бар деген күдікпен 10 ұсталды. Олардың алтауы көлікпен басқа өңірге қашып бара жатқан жерінен ұсталған.
Автор: Жаңалық Ахаш
28.10.2022
Оқиға қаладағы түнгі клубтардың бірінде болған. Темір ауданынан Ақтөбеге қол күресінен жарысқа келген төрт жігіт ойын-сауық кешенінде күзетшілермен сөзге келіп төбелеседі. Он жігіт темірліктерді жабылып ұрып есінен тандырады. Онымен қоймай 31 жастағы Амандық Күшкінбаев пен 27 жастағы Серік Төлеуовті пышақтап өлтіреді. Мәйіттерді екі көлікке тиеп өзен жағасына лақтырып кеткен. Өлі дене бір күн бойы сол жерде жатқан.
Қанды қылмыстың қалай болғаны түнгі клубтың бейнекамерасына түсіп қалған. Он күдіктінің кім екені сол арқылы анықталды. Ақтөбеден қашып кеткен алты күзетші Ырғыз ауданы аумағында ұсталып, облыс орталығына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр.
Нұрболат Сұлтанов, Ақтөбе облысы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:
- Екі азаматты өлтірді деген күдіккке іліккендердің бәрін анықтады. Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген үш күдіктіні ұстаған. Облыс орталығынан 400 шақырым жердегі елдімекендердің бірінде тағы алты күдікті ұсталды. Осы дерекпен ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен кісі өлтіру дерегі бойнша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!