{metadescription}
«Арселор Миттал Теміртау» келесі жылға экология рұқсатын ала алмауы мүмкін
«Арселор Миттал Теміртау» келесі жылға экология рұқсатын ала алмауы мүмкін

«Арселор Миттал Теміртау» келесі жылға экология рұқсатын ала алмауы мүмкін

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы келесі жылға экология рұқсатын ала алмауы мүмкін. Экология министрлігі кәсіпорынға қатысты талапты күшейтпек. 

Компания осыған дейін экологияға зиян келтіргені үшін үнемі үлкен айыппұлдар төлеп келген. Соңғы үш жылда оның көлемі үш миллиардқа жетіпті. Бірақ алпауыт бұл соманы шыбын шаққандай көрмеген сыңайлы. Өйткені әлі орындалмаған талаптар бар. Қоршаған ортаны ластайтын қалдық мөлшерден көп шығарылады. Соған байланысты экологтар да талапты күшейткелі отыр. Бірақ министр Серікқали Бірекешев нақты қандай талап екенін айтқан жоқ. Оның үстіне бұған дейін «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы өз аумағында тексеру жүргізуге рұқсат бермеген. Ал кешегі жарылыстан кейін экологтарды кіргізетін болып шешіпті.

Естеріңізге салайық, Шахтинск қаласындағы кен орнында жарылыс болып, бес адам қайтыс болған.

Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Экологияны реттеу және бақылау комитетінің төрағасы:

- Миллиардтың үстінде айыппұл дайындап жатырмыз. Одан басқа орындамай жатқан шараларды, шығындын мөлшері көбейіп, сондай проблемалар. Былтыр 30 пайызға лимиттерін азайттық. Биыл тағы да 250-ден 210 мыңға дейін азайтуды жобалап отырмыз. Олар келіспеген күнде, жаңа министр айтқандай, рұқсат бермеуге дайынбыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде