{metadescription}
Жамбыл облысында үш айлық сәби жұмбақ жағдайда шетінеген
Жамбыл облысында үш айлық сәби жұмбақ жағдайда шетінеген

Жамбыл облысында үш айлық сәби жұмбақ жағдайда шетінеген

Жамбыл облысында түсініксіз жағдайда үш айлық шақалақ шетінеп кетті. 31 жастағы келіншек оның өліміне дәрігерлерді айыптап отыр. Қайғыдан қан жұтқан ананың сөзінше, сау сәбиін ауруханаға тексеруге дәрігерлердің өзі шақыртып, арада бес сағаттан соң өлі денесін қолына ұстатқан.

Меркі ауданындағы медициналық мекеме нәресте инсульттан көз жұмған дейді.

Милана Ратушина өзін қоярға жер таппай жүр. 31 жасқа келгенде сүйген тұңғышы үш айдан соң шетінеп кетті. Қайғыдан қан жұтқан ананың сөзінше, сәбидің бойында ешқандай аурудың белгілері болмаған.

Қайғылы жағдайдан бірер күн бұрын түсірілген видео. 31 жастағы келіншек қызының кенетен бақилық болғанына әлі сене алар емес. Өзі оның қазасына медицина мамандарын айыптайды. Айтуынша, дәрігерлер оған сап-сау қызымен ауруханаға келуді өтініпті. Түрлі тексеруден соң үйіне жіберілген. Арада бірнеше сағат өткесін қайта шақыртып, қаннан сынама алмақ болған.

Милана Ратушина, анасы:

- Қызымның білегіндегі тамырынан қан алмақ болды. Әр жерден ине сұғап, тамырды таппай қойды. Оның жаны қиналғанын көрдім. Өйткені тыныс алуы қиындап, жан дауысы шығып жылады. Абдырап қалған медбике Амелияны менің қолыма ұстатып, өзі қашып кетті. Не істерімізді білмей шулап кеттік.

Милана есі кіресілі-шығасылы қызымды дәрігерлер жансақтау бөліміне алып кетті дейді. Бірақ ол бөлімшенің жұмыс істемей тұрғанын әрі ол жерде балаларға арналған тыныс алу апаратының болмағанын айтады. Ал арада бес сағат өткенде шақалақтың жүрегі тоқтаған.

Милана Ратушина, анасы:

- Қызымның еш жері ауырмайтын. Сапсау, күліп-ойнап келгенбіз. Бәрі «қан аламыз» деуден басталды. Түк түсінбей қалдым. Мені ауруханаға жоспарлы тексеруге өздері шақыртты, бір жеріміз ауырып шағыммен келгеніміз жоқ. Өз қолыммен әкелген қызымды өлтіріп алды.

Дәрігерлердің уәжі басқа. Олардың айтуынша, сәби инсульттан көз жұмған. Яғни қан айналымының бұзылуынан миы ісінген. Бұл аурудың ерін көгеру, лоқсу сынды алғашқы белгілерін анасы білген деп отыр. Бірақ оған жөнді мән бермепті. Ал сол аурудың дәл тамырдан қан алу сәтте ұстап қалуын ешкім түсіндіре алмады.

Жанат Оспанова, Меркі ауданы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- Сәби инсульттан шетінеді. Мәйітті сойып сараптамадан өткізген кезде ол диагноз дәлелденді. Толығымен расталды. Біздің қойған диагнозымыз неден өлген себептерінің барлығын дәлелдеп берді.

- Медбикенің қайтелігі бар деп айта аламыз ба?

- Жоқ.

Медициналық мекеме басшылығы үш айлық сәбидің дамуын бақылауға тиіс дәрігерлер өз міндетін тиісті деңгейде атқармағанын мойындап отыр. Енді олар осы салғырттығы үшін жауапқа тартылады деп сендіреді. Ал сәбиінен айырылған  ата-ана бұл істі жай қалдырмаймыз деп отыр. Олар кінәлілерді қатаң жазалау үшін медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне шағым түсірген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде