{metadescription}
Жүк көлігі бес жылқыны жайратып кетті – Көкшетау
Жүк көлігі бес жылқыны жайратып кетті – Көкшетау

Жүк көлігі бес жылқыны жайратып кетті – Көкшетау

Екатеринбург-Алматы тасжолында жүк көлігі бес жылқыны жайратып кетті. Көлік қатты бүлінгенімен, жүргізушісі дін аман. Полицейлер мал иесін жылқының терісіне жасырылған чип арқылы анықтады.

Полицейлер жол үстінде қараусыз жайылып жүріп жүк көлігінің соққысынан арам қатқан бес бас жылқының иесін бірден таба алмаған. Өйткені таңба да, басқа да белгілері болмапты. Сондықтан арнайы құрылғы әкеліп іздеген кезде малдың терісінің астына жасырылған чип анықталды. Чип арқылы барлық ақпарат белгілі болған. Сөйтсе 49 жастағы жылқышы түн ішінде жұмыр тұяқтыларды еркін жайылымға жібере салған. Қазір малға ие бола алмаған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, жауапқа тарту қарастырылып жатыр.

Әсем Әбдікәрімова,Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі:

- Полиция қызметкерлері ветеринария инспекция өкілдерімен бірлесіп жылқы иесінің жеке басын анықтады. Жануарлардың бірінің терісінің астына салынған чип мал иесін табуға көмектесті. Мал иесі мен жылқышының арасында келісімшарт болғаннан кейін жылқышы жауапқа тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде