{metadescription}
Ақтау тұрғындары ластанған теңіз жағалауына алаңдап отыр
Ақтау тұрғындары ластанған теңіз жағалауына алаңдап отыр

Ақтау тұрғындары ластанған теңіз жағалауына алаңдап отыр

Ақтау тұрғындары теңіз жағалауының ластанғанына алаңдап отыр. Себебі: жеке кәсіпкерге айлақ салуға берілген аумақты балдыр мен қоқыс басқан. Қоғам белсенділері бұл қолдан жасалған бөгеннің кесірінен дейді.

Азамат Сәрсенбаев, Ақтау тұрғыны:

- Апарды да, құм төгіп тастады. Тас пен құмды араластырып сала салды. Негізінен олай істеуге болмайды. Ол жерде су жүріп тұру керек, ағын болу керек. Енді апарды да үлкен пирс жасады. Сол жерге енді күлқоқыс, биооқалдықтар жиналып, сасып жатыр.

Жағалаудың көркі қашып, жағымсыз иіс шыға бастаған. Теңізден жел соқса, бұл маңда серуендеу мүмкін емес. Экология департаментіндегілер теңіз жағалауы әрдайым «біздің бақылауымызда» дейді. Тіпті тұрғындардың өтінішімен тексеру де жүргізілген. Нәтижесінде жағалауға салынатын жоба әкімдіктің сүзгісінен өткенін айтады. Жасанды айлақ балдыр жиналуына әсер етпейді дейді мамандар. Бұл Каспийге табиғи құбылыс деп ақталды экология департаментінің өкілдері.

Руслан Төкенов, Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы:

- Ол әр түрлітүсімен ерекшелінеді, қызыл, қызғылт түсті және өзіне тән иісі қалыптасады. Сондықтан ол табиғи құбылыс. Ешқандай ауытқуды біздің мамандар көріп отырған жоқ. Әрбір антропоген жағдайдың табиғатқа деген әсері болады. Ол жобалау сатысында, жобалау алды сатысында оның барлығы қаралады. Яғни жергілікті аақарушы орган ол жерге тиісті рұқсат берген кезде, оның барлығы есептеліп қаралады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде