{metadescription}
Алматыда балабақша кезегінде 60 мыңнан астам бүлдіршін тұр
Алматыда балабақша кезегінде 60 мыңнан астам бүлдіршін тұр

Алматыда балабақша кезегінде 60 мыңнан астам бүлдіршін тұр

Алматыда әлі күнге 60 мыңнан астам бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Оның жиырма мыңға жуығы 3-6 жас аралығындағы балалар.

Жыл сайын туу көрсеткішінің артуы, мегаполиске қоныс аударушы адамның артқаны балабақша тапшылығын тудырып отыр. Ал балабақша тәрбиешілері тапшылығы 35-40 пайыз. Әсіресе мамандандырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына логопед, дефектолог, мейірбике, тәрбиеші көмекшісі маманы жетіспейді. Ал кезекте тұрғандардың санын азайту үшін қала әкімдігі балабақша салу жұмысы тоқтамайтынын жеткізді.

Әлия Сағиева, Алматы қаласы білім басқармасы, мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы:

- Жыл сайын 100-ден аса жекеменшік балабақша ашылып жатыр. Мемлекеттік балабақшаларға келетін болсақ, 2023 жылы үш балабақша салынады деп жоспарланып отыр. Оған 720 орын арналған. Жетісу, Алатау аудандарында. 2024 жылы бес балабақша 1380 орынға арналған. 2025 жылы екі балабақша 600 орынға арналған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 ақпан

03 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде