Ақтөбе облысында газ жарылып, төрт адам жарақат алды
Ақтөбе облысында газ жарылып, төрт адам жарақат алды. Апаттан үйдің төбесі ортасына түсіп, қабырғасы қираған. Оқыс оқиға алдында үй иелері қонақ күтіп алуға қамданып жүрген екен.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.01.2023
Ербол Шәкиев, Маржанбұлақ ауылының тұрғыны:
- Есікті ашып шығып келе жатқам, гүрс етіп құлағанда, мені кейін қарай ысырып жіберді. Қайта аштым да, атып шығып, мына жағынан барып қызымды алып шықтым.
Оқиға Маржанбұлақ ауылында болды. Баспананың сау-тамтығы қалмаған. Опырылып ортасына түскен төбе мен қираған қабырғалар бар дүние-мүлікті басып қалыпты. Жарылыстан үйдегі төрт адамы оңбай күйіп қалған. Арасында мектеп жасындағы оқушы қыз бар. Мамандар газ жарылғанын айтады. Бірақ құбырдың қай жерінен ақау кеткені немесе үйдің қай бөлігіне газ жиналғаны әлі тексеріліп жатыр. Дәрігерлер жарақат алғандардың жағдайы жақсы дейді.
Бекболат Ізбасаров, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- 17 жастағы қыз Ана және бала орталығына хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Термиялы күйік диагнозымен. Қалған үш адам көпсалалы облыстық ауруханаға жолданды. Термиялы күйік 1,2 дәрежелі 10 пайыз зақымдану. Жағдайлары қазір тұрақты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!