{metadescription}
Автонесие: Өтініш бере алмағандар келесі кезеңді күтуі керек
Автонесие: Өтініш бере алмағандар келесі кезеңді күтуі керек

Автонесие: Өтініш бере алмағандар келесі кезеңді күтуі керек

Бүгін жеңілдетілген автонесие берудің екінші легі жылдам аяқталды. Бас-аяғы 18 секунд ішінде арнайы порталға 761 адам электронды кезекке тұрып үлгерген. «Өтініш қабылдаудың бұлай жылдам аяқталуы ешқандай ақаудан емес» - деп түсіндірді Өнеркәсіпті дамыту қорының басшылығы. Сондықтан онлайн өтініш бере алмаған азаматтарға енді келесі кезеңді күтуі керек.

Жеңілдетілген бағдарлама арқылы көлік алуға дәмелі жандар бүгін таңмен автонесие сайтын аңдыды. Мыңдаған адам онлайн өтініш беріп жанталасты. Бірақ электронды кезекке қабылдау бар-жоғы 18 секундта тоқтапты. Осы уақытта 761 адам өтініш беріп үлгерген. Ал үміткерлердің қатарына іліге алмай қалғандар қаншама. Солардың бірі – Елназар Айқынұлы.

Елназар Айқынұлы:

- Сағат он болды. Сағатты қарап отырдым. Кірдім. Телефонымды жазып толтырдым. «Қате» деп шықты. Басаяғы он рет жасадым ғой. Ақыры өтініш бере алмадым. 761 адам ілікті дейді. Негізі мен де 18 секундта өтініш беріп үлгердім. Неге мен өтінішке кіре алмадым? Соны түсінбедім. Таң қалатыным сол. 

Елназардың көкейіндегі сұрақ осы платформаға тіркеле алмаған жандардың бәрін мазалайды. Себебі, алғашқы жарнасыз темір тұлпар тізгіндегісі келетіндер арнайы сайтқа уақытында кірген. Бірақ, неге екені белгісіз, көбінің өтініші ұзақ ойланып, қайта-қайта «қате» деген жауап шыққан. Порталдағы екі автоөндірушінің бірін белгілей алмай қиналған азаматтар да жетерлік.

Өнеркәсіпті дамыту қорының өкілдері 4 пайыз бағдарламамен көлік тақымдағысы келген азаматтарды сабырға шақырды. Олар алғашқы минутта-ақ сайтқа кіргендер саны 125 мың адамнан асқанымен, ешқандай ақау болмағанын жеткізді. 761 адам тіркеуден өткен соң, өтінішін қабылдау тоқтап, соның салдарынан көп адам кезекке тұра алмады деп түсіндірді.

Ринат Ғаппаров, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Тіркелу уақыты 18 секундта аяқталды. Осы уақытта лимит бітіп, өтініш қабылдау тоқтатылды. Платформа өз жұмысын ойдағыдай атқарды. 761 адам өтті. Пулдағы орынды сату мүмкін емес. Егер біреу орын алып береміз десе, оған сенбеңіздер. Ол алаяқтар болуы мүмкін.

Онлай өтініштен сәтті өткен 761 адам енді автосалонға барып көлігін таңдайды және төлем шотын алады. Одан әрі банкке жүгінеді.

Бағдарлама шарты бұрыңғыдай. Яғни алғашқы жарна жоқ, жылдық мөлшерлеме төрт пайыздық несие көлемі 10 миллион теңгеден аспайды. Қарыз 7 жылға дейін беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде