{metadescription}
Түркиядағы зілзаладан кейін хабарсыз кеткен 4 отандасымыз іздестіріліп жатыр
Түркиядағы зілзаладан кейін хабарсыз кеткен 4 отандасымыз іздестіріліп жатыр

Түркиядағы зілзаладан кейін хабарсыз кеткен 4 отандасымыз іздестіріліп жатыр

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін төрт отандасымыз хабар-ошарсыз кетті. Үшеуі – Хатай, біреуі Адана қаласында жоғалған. Олардың не өлі, не тірі екені әзірге белгісіз. Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Екижи іздестіру жалғасып жатқанын жеткізді.

Уфук Екижи, Түркияның Қазақстандағы елшісі:

- Бізге келіп түскен соңғы ақпарат бойынша, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін Қазақстанның төрт азаматы жоғалып кетті. Үшеуі Хатай провинциясында, біреуі Адана қаласында. Осы мәселемен біз Анкарадағы елшілікпен байланыстамыз. Жоғалып кеткен провинцияларда іздестіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Қазақстанның үш азаматы Мирболат Құрмашев, Әділ Қадырбеков пен Сабина Мамадиярованың зілзаладан кейін хабарсыз кеткені күні кеше әлеуметтік желі арқылы белгілі болған. Аstana Hub технопаркінің халықаралық агенті, IT маманы Мирболат Құрмашевтың авторлық стартабы бар. Қалған екеуі оның әріптесі. Мирболаттың інісі Алмат Құрмашевтың сөзінше, үшеуі жер сілкінісіне дейін бір күн бұрын жұмыс бабымен Хатай қаласына барған. Содан кейін олармен байланыс үзіліпті. Ал Адана қаласында ұшты-күйлі жоғалған тағы бір жерлесіміз туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Қазір із-түссіз кеткен Мирболаттың інісі мен достары іздестіру жұмысына атсалысу үшін апат аймағына жетті.

Хатай мен Адана табиғи апаттан зардап шеккен қалалардың қатарында. Жерасты дүмпуінен кейін бұл екі шаһардағы көп ғимараттың тас-талқаны шыққан болатын.

Алмат Құрмашев, М. Құрмашевтың інісі:

- Біз Газиантеп қаласына келдік. Қазір Хатайға жолға шығамыз. Жергілікті ауруханаларға кіріп, қазақстандықтардың бар-жоғын білеміз. Жол ұзақтығы бір сағат. Бірақ трассалардың көбінде кептеліс. Бара салып іздестіру жұмысына кірісеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде