Таразда қатаң режимдегі колониядан өрт шықты
Түрмеге от қойған кім? Тараздағы қатаң режимдегі колониядан шыққан өрт тұрғындардың тынышын қашырды. Жергілікті халық сотталушылар өртті әдейі тұтатып, өздері қашпақ болған деген жел сөзге сеніп қалған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
02.03.2023
Соның кесірінен түрмеге жақын маңдағы жұрттың бәрі таңға дейін көз ілмеген. Кейін мұның жалған қауесет екені айтылып, мәлімет теріске шығарылды. От түрменің өндірістік аумағындағы ғимараттың үшінші қабатынан тұтанған. Дәл сол бөлмеде ағаш өңдеу цехы болған. Оқыс оқиға кезінде онда тірі жан болған жоқ дейді колония басшылығы. Ал өрт әп-сәтте сөндірілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір оттың шығу себебі анықталып жатыр.
Ербол Нұржанов, №59 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесі бастығының орынбасары:
- Өрт кезінде жазасын өтеушілердің қашу, қашуға оқталу сынды әрекет болған жоқ. Сотталушыларды біорден түгендеп шықтық. Бәрі орнынан табылды. Іштегі өртті өзіміз, шатырға жайылғанын төтеншеліктер сөндірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!