Көкшетауда студенттер сушидан жаппай уланған
Көкшетауда студенттер жаппай сушидан уланған дәмхананың үш аспазы мен ондағы азық-түліктен стафилококк таяқшасы табылды. Санитарлық нормаларды сақтамаған дәмхана иесіне қатысты іс полицияға жолданған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
30.03.2023
Махамбет Көшей, студент:
- Уланып қалдық. Ол түнгі кезде басталды. Диагнозы іші өтіп, жүрек айну болды. Сосын қызуы көтерілген болатын.
Қаладағы мәдени шаралар байқауына қатысып 40 мың теңге ұтып алған 17 студент дәмханаға барған. Тапсырыс берген сушилары әп-сәтте дайын болғанына қуанып қалдық дейді студенттердің бірі. Бірақ болашақ медицина мамандары бұл отырыстың бұлай аяқталарын білмеген. Түн ішінде бәрінің іші аурып жедел жәрдем шақырыпты. Осыдан кейін жақында ашылған дәмхананы санитар дәрігерлер тексерген. Сөйтсе аспазынан да, асынан да ауру қоздырғыш таяқшалар табылған. Қазір дәмхана уақытша жабылып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айнагүл Мусина, Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасының басшысы:
- Ақпарат түсе, біз дәмхананы тексеруге кірістік. Науқастардан да, дәмхана қызметкерлерінен де, азық түліктен де түрлі сынамалар алынды. Нәтижесінде үш аспаз стафилококк таяқшасын тасымалдаушы болып шықты. Азық түліктен де зиянды қоздырғыштар табылды. Дәмхана жұмысын құзырлы орындарға ескертусіз бастаған. Қазір істі полицияға бердік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!