Мәжіліс сайлауынан кейін отставкаға кеткен Үкімет толық жасақталды
Жанармай бағасына тікелей жауапты министр бүгін қызметінен босады. Болат Ақшолақов Үкіметтен кеткенімен, жұмыссыз қалған жоқ. Бүгіннен бастап ол президенттің кеңесшісі. Ал энергетика министрі болып Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды.
Автор: Әзиза Төленби
04.04.2023
Сәтқалиев күні кеше ғана «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры төрағалығынан босатылған болатын. Енді жанармайдың ары қарай бағасын бақылау, Үкімет басшысы айтқан тапшылыққа жол бермеу, жалпы елдің энергетикасына сол жауапты.
Алмасадам Сәтқалиев Министрлер кабинетіне жаңа келген екі адамның бірі. Мұның алдында сыртқы істер министрі ауысқан. Қалған 17 министр мен премьер-министрдің орынбасарлары қайта тағайындалды. Конституция бойынша Мәжіліс сайлауынан кейін отставкаға кеткен Үкімет осымен толық жасақталып бітті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!