{metadescription}
Жамбыл облысында қатты желден 15-ке жуық ауыл газсыз, жарықсыз қалды
Жамбыл облысында қатты желден 15-ке жуық ауыл газсыз, жарықсыз қалды

Жамбыл облысында қатты желден 15-ке жуық ауыл газсыз, жарықсыз қалды

Жамбыл облысында қатты жел тұрып, 15-ке жуық ауыл жарық пен газдан қағылды. Дүлей дауыл талдарды тамырымен қопарып, электр бағаналары мен газ құбырын талқандаған. 

Қордай мен Шу ауданында секундына 30 метр жылдамдықпен соққан күшті жел төрт күн бойы толастамаған. Шуда мыңға жуық тұрғын жарықсыз отырса, Қордай ауданының алты елдімекені қараңғыда қалды. Газдан ажыратылған үйлер де көп. Мұнда үш мектеп пен бір балабақшаның шатырын жел жұлып әкеткен. Құлаған ағашта есеп жоқ. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Қос ауданды қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Шенеуніктер бүгін түнге дейін тұрғындарға газ бен жарық толық беріледі деп сендіреді. Болжам бойынша, келтірілген шығын көлемі 100 миллион теңгеге жуықтаған.

Нұрболат Сатымқұл, Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы:

- Қатты дауылдан талдар мен ағаштар жоғарғы вольт электр сымдарына түсіп, алты ауылдың жарығы сөнді. 2500 абонент жарықсыз қалды. Сонымен қатар ағаштар газ құбырларына құлап, Жамбыл, Арал ауылдарында 800-ге жуық абонент газсыз қалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.