{metadescription}
Атырау облысында қамыс әлі өртеніп жатыр
Атырау облысында қамыс әлі өртеніп жатыр

Атырау облысында қамыс әлі өртеніп жатыр

Атырау облысындағы қамыс өрті әлі ауыздықталған жоқ. Тілсіз жаумен күресу үшін төтеншеліктер өзге облыстардан тікұшақ алдырып жатыр. Күн райы қолайлы болса, әуеден су шашып өшірмекші. 

Қаладан 30 шақырым жердегі «Ақжайық» қорығында үш күннен бері қамыс өртеніп жатыр. Айналаны көмкерген көк түтін Атырау тұрғындарын тұншықтыруда. Тіпті кеше колледж бен мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберілген. Алайда мамандар ауадағы зиянды заттар мөлшері қалыпты деңгейде деп жайбарақат отыр. Ал дәрігерлер денсулығына шағым айтып келгендер жоқ деп ақталды.

Каспий жағасындағы резерваттың 89 гектарын өрт жалмаған. Қалың қамыс арасына арнайы техника бара алмайды. Сондықтан қызыл жалынды қолмен өшіруге мәжбүр. Төтеншеліктер бүгін өзге облыстардан тікұшақ алдырыпты. Бірақ күн райының қолайсыздығына байланысты әуеден су шашуға мүмкіндік болмаған.

Магомед Ахриев, Атырау облысы ТЖД өкілі:

- Қазір өрттің 90 пайызы ауыздықталды. Төрт гектар жер жанып жатыр. Өртеніп жатқан аумаққа техника бара алмайды. Қамыс пен балшықтан кіру мүмкін емес. Бүгін күн райы қолайлы, тікұшақпен су шашамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.