{metadescription}
Сапасыз жолдарды жөндеуге тағы да миллиардтар жұмсалады
Сапасыз жолдарды жөндеуге тағы да миллиардтар жұмсалады

Сапасыз жолдарды жөндеуге тағы да миллиардтар жұмсалады

Қар еріп көктем келісімен, елімізде шұрық-тесік жолдардың саны артты. Сапасыз төселген асфальт қар суымен ағып кеткен. Енді соны жөндеуге жергілікті әкімдіктер тағы да миллиардтарын жұмсауға дайын отыр.

Мәселен, биыл Қарағанды қаласында 90 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның жартысынан астамы ойықтарды жамау екен. Ал Ақтөбе қаласындағы жолдарды жөндеуге 7 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. 

Петропавлдық жүргізушілердің көктем шыға жүйкесі сыр бере бастайды. Қар көбесі сөгіліп, шұрық жолдар көріне бастады. Қазір қала көшелерінің басым бөлігі бомба түскендей. Бұларды жөндеуге биыл қала бюджетінен 5 миллиард теңге қарастырылыпты.

Кристина Кнатц, Петропавл қаласының тұрығыны:

Күздің кезінде мына жерді қазып кеткен. Астаңкестеңі шыққан күйі қалды. Мұның зардабын тұрғындар, әсіресе кәсіпкерлер тартады. Көліктер өте алмайды. Бұл жерде көлік белшесінен батып қалатын кездер де болады.

Ақтөбе қаласында 655 шақырым жол бар. Бірақ соның жартысына асфальт төселмеген. Биыл қалада  жол жөндеуге 6,8 миллиард теңге бөлінген. Ол ақшаға қай көшенің жолы жасалатыны бір апта ішінде белгілі болады. Ал алдыңғы жылдары салынып, қазір сапасынан сын табылған жолдар мердігердің есебінен қайта дұрысталады дейді шенеуніктер.

Бірақ ақтөбеліктер қуанудың орнына көңілінде күдік басым. Өйткені көктем шыққан сайын асфальт қар суымен бірге шайылып кетеді. Шұрық-тесік жолды қанша жамаса да, сол күйі жатыр деп ашынады жергілікті жұрт.

Айтжан Темірғазин, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Шетелдерге қарасаң, шөл даладағы құмның ортасына да, су үстінен де жол салып жатады. Ал біздің елде биыл салған жол келесі жылы көлікпен жүруге жарамсыз болып қалады. Климаттан көретін түк жоқ. Сапалы жүргізбейді. Шұрықтесік жолдың кесірінен көлігім бұзылды. Күні кеше соны оңдатуға тоқсан мың теңгемді санап бердім.

Биыл Қарағандының орталық көшелерінің өзі ойдым-ойдым. Қар еріп, көл-көсір болған тұс тіпті қозғалысты қиындатып жіберген. Елдің наразы болып, шенеуніктер шұрық-тесікке кірпіш тығып тығырықтан шықпақ болған. Алайда аз уақыт ішінде жамалған жерлерден де сән кетті. Шенеуніктер енді асфальтпен жамау жұмысы бүгін басталды дейді. Мұндай көше саны 50. Ал 40 көшеге орташа жөндеу жүргзіледі. Бұлардың шығыны 6 миллард теңге көрінеді. Ал күрделі жөндеуді күтіп тұрған көшелердің құны бөлек.

Рүстем Қожағапанов, Қарағанды ТКШ және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары:

Үш көше, ол Бөкетов көшесі, сомасы 2,4 миллард. Космонавтов көшесі  2,8 миллиард. Сонымен қатар Пичугин, Новоселов 2,3 миллиард теңге. Қолайлы уақыт енді ғана басталды. Асфальт зауытттары жұмысқа қосылуда. Бір зауыт қосылды бүгінде. Бұдан әрі қалған зауыт қосылған сайын ағымдағы жөндеу жұмысын ұлғайта береміз.

Қарағандының ішін былай қоғанда, қаладын шығатын жолдардың да жайы мәз емес. Әсіресе Теміртауға баратын су жаңа тас жолға сызат түскен. Миллиардттарды алған мердігер оны қайта жөндемеді, “Қазавтожол” олармен соттасамыз деп әлі жүр. Ал жұмысы 2018 жылы басталған Қарағанды - Балқаш тас жолының  құрылысы биыл да аяқталмайтын болды. Өйткені аталмыш жобаға бөлінген 248 миллиард теңге таусылып қалған көрінеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде