{metadescription}
Астанада балабақшаның шатыры жанып кетті
Астанада балабақшаның шатыры жанып кетті

Астанада балабақшаның шатыры жанып кетті

Астанада жекеменшік балабақшаның шатыры жанып кетті. Абырой болғанда, ыстың иісі шығысымен тәрбиешілер балаларды сыртқа шығарып үлгерген. Қызыл жалын тұтанған уақытта бүлдіршіндер енді ғана ұйқыдан оянып жатқан екен.

Зардап шеккендер жоқ дейді төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі. Құтқарушылар оқиға орнына жете салысымен өртті сөндіруге кіріскен. Себебі төтеншеліктер жеткенше, көршілер мен балабақша қызметкерлерінің көмегімен ғимараттың ішінде адам қалмаған.

Аягөз Фазылова, Астана қаласы ТЖД ресми өкілі:

- Хлудова 1 көшесіне  өрт сөндірушілер келген, жеті минуттың ішінде оқиға орнына келіп жетті. Келген уақытта екі қабатты ғимараттың төбе бөлігі жанып жатқан. Өрттің жалпы аумағы 300 шаршы метр. Өрт сөндірушілер 40 минуттың ішінде өртті сөндірді.

Жалпы балабақша 70 балаға арналған. Алайда бүгін оның тек 26-сы келген екен. Тілсіз жаудың қалай тұтанғаны жөнінде әзірге нақты ақпарат айтылмады. Белгілісі, екі қабатты ғимараттың жартысын бөбекжай жалға алғанымен, екінші бөлігі жекеменшік тұрғын үй. Үй иесінің айтуынша, биыл қар қалың түскеннен, балабақшаның шатырына су жиналған. Қар түгелдей еріп, шатырдың кепкенін күтудің орнына, балабақша қызметкерлері өз бетінше құрғатпақ болды деп отыр. Ал екінші тарап  көршілерінің бұл уәжімен мүлде келіспейді.

Балжан Абаева, балабақша меңгерушісі:

- Балабақшада газ баллоны болған жоқ. Көршілердің баллондары жарылды. Өрт сөндірушілер айтады, Тексеру жүргізеді. Следствия жүргізеді. Ешқандай жұмыс жүргізген жоқпыз. 2021 жылы жалға алғаннан бастап еш жұмыс жүргізген жоқпыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде