{metadescription}
Әскери нысандарды жөндегендер бес жыл бойы еңбекақысын ала алмай жүр
Әскери нысандарды жөндегендер бес жыл бойы еңбекақысын ала алмай жүр

Әскери нысандарды жөндегендер бес жыл бойы еңбекақысын ала алмай жүр

Мейрам қарсаңында қорғаныс министрлігінің алдында кәсіпкерлер шу шығарды. Әскери нысандарды жөндеген олар бес жылдан бері маңдай тер ақысын ала алмай жүр. Министрліктің «Әскери құрылыс» дейтін еншілес компаниясы келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін орындамаған дейді.

Ел бойынша 140 мердігерге жалақы ғана емес, зейнетақы төлемі мен медициналық жарна сияқты әлеуметтік төлемдерді де аудармаған көрінеді.

Хамит Махамбет, кәсіпкер:

Шымкент қаласынан келіп отырмыз. Барлық кезеңнен өттік. Митингіге  де осы жерде шықтық. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен де кездесулер болды. Соңында медиациялық келісімге келгенбіз. 31 наурызға дейін ақшаның жартысын қайтарамыз деген. 100ден аса компанияның 1 млрд 600 млн қарызы бар. Десе де 53 миллион орта, шағын бизнес үшін үлкен ақша, қалтамызға әжептеуір батады.

Құзырлы орган барлық тапсырыстың ақшасы әлдеқашан төленгенін айтады. Алайда қомақты қаржы «Әскери құрылыстың» бұрынғы басшылығынан кәсіпкерлерге жетпеген. Дегенмен қорғаныс министрлігі жыл аяғына дейін барлығын жарылқаймыз деп сендіріп отыр. Алматыдағы әлі іргетасы қаланбаған екі тұрғын үй мен «Днепр» деп аталатын әскери нысандағы заттарды сатуды жоспарлап отыр. Содан түскен қаражат қарыздың бәрін болмаса да, азғантай бөлігін жабуы мүмкін екен. Ол жоспар іске аспаса, өзге жолын да қарастырып қойыпты.

Мұхамеджан Таласов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Оған қарамай, келісімсшартқа отырып жатырмыз. Енді қыркүйекте 9 миллиондай түседі. Сосын маусымнан бастап 100 мыңнан түсіп тұрады. Бір инвестор таптық, ол 700 миллиондай береді. Жоспарлар бар. Бәрін бақылап отырмыз. Төлейміз. Маусым айынан бастап ұсақтарын жауып береміз. Мәселелеріңізді шешіп берсек, бізге де тыныш.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде