{metadescription}
2024 жылы әскери атаққа төленетін айлық 30 пайызға өседі
2024 жылы әскери атаққа төленетін айлық 30 пайызға өседі

2024 жылы әскери атаққа төленетін айлық 30 пайызға өседі

Келесі жылы әскери атаққа төленетін айлық 30 пайызға өседі. Қазақстан қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы бүгін Бүкілармиялық кеңестің отырысында осындай мәлімдеме жасады.

«Әлем елдерінде жаппай қарулану белең алған тұста армияның рөлін күшейту керек», - деді мемлекет басшысы. Өйткені әскер елді қорғауға дайын болуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Биыл әскери ұшқыштардың жалақысы орташа алғанда 60 пайызға өседі. Осы саладағы оқытушылар мен дәрігерлердің жалақысы да көбейеді. Келесі жылы әскери атаққа төленетін айлық ақы 30 пайызға артады.Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамту мәселесі де қайта қаралуда. Сержанттарды, офицерлерді әлеуметтік қолдау жұмысы жалғасады. Олар тұрмысына алаңдамай, ел қорғауға сақадайсай болуы керек.

«Офицерлер мен сарбаздар жауапкершілік алуға қорықпауы керек», - деді Бас қолбасшы. Тек батырлық та аздық етеді. Қазақстан армиясы білімді азаматтардан жасақталуға тиіс. Білім мен тәрбие әрқашан бірін-бірі толықтырып отырады. Сонда әлімжеттік, қатыгездік болмайды. «Біздегі әскери академиялар, институттар әлемдік стандарттарға сай болсын», - деді президент.

Ел қорғау ісінде әскерилер алаңдамау үшін «әлеуметтік лифттің» болуы заңды құбылыс. Сол үшін мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар несиесін төлеу міндетінен уақытша босатылған. Мереке қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев ерлігімен және мінсіз қызметімен ерекшеленген бірқатар әскери қызметшіні марапаттап, генерал шендерін тақты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.