{metadescription}
Алматыда өртенген бес нысанның шығыны есептеліп жатыр
Алматыда өртенген бес нысанның шығыны есептеліп жатыр

Алматыда өртенген бес нысанның шығыны есептеліп жатыр

Алматыда бес бірдей нысанды күлге айналдырған өрттен келген шығын есептеліп жатыр. Оттың нақты неден тұтанғаны да әзірге белгісіз. Қызыл жалын той өтіп жатқан мейрамхананы да шарпып өткен. Соның кесірінен қуаныш иесі салтанатты шараны кейінге қалдыруға мәжбүр болған.  

Нұржан, тойхана иесі:

- Адамдар болды. Бірақ ана жақтағы көрші ғимарат жанып жатқан кезде шығарып үлгердік. Шығып кетті. Мына аумақтың бәрін босаттық. Өрт сөндірушілер жұмыс істеді. Бірақ бәрібір қатты жалын болды. Банке залы ғой. Енді есептеп бәрін жасап шығамыз. Кінә бізден емес, бізден шыққан жоқ. Басқа жақтан келген өрт.

Гараждан шыққан өрт күшіне мініп, жапсарлас орналасқан дәмханаға жеткен. Абырой болғанда кафенің ішіндегі адамдар сыртқа шығып үлгеріпті. От сол маңдағы мейрамхана мен фаст-фуд сататын нысандарға да жеткен. Бар-жоғы 20 минуттың ішінде қызыл жалын 3 мың шаршы метр аумақты жалмап үлгерген. Ешкім зардап шеккен жоқ. 

Абай Асылбаев, Әуезов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы:

- Өрт 20 сағат 00 минутта оқшауланып, 16 минутта жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі, 64 адам бірліктіріліп, 18 техника жұмылдырылды. «Алматы судың» екі техникасы, «Алматы тазалықтан» бір техника істеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.