{metadescription}
«Семей орманы» резерватының қызметкерлері еңбекақыны көтеруді талап етуде
«Семей орманы» резерватының қызметкерлері еңбекақыны көтеруді талап етуде

«Семей орманы» резерватының қызметкерлері еңбекақыны көтеруді талап етуде

«Семей орманы» резерватының қызметкерлері шу шығады. Олар басшылықтан еңбекақыны 70 пайызға көтеруді талап етті.

Таңатбек Мусин, «Семей орманы» МОТР филиалының өрт сөндіру станциясының бастығы:

- Олар орман шаруашылығының барлық қызметкерлерінің жалақысын көтеруге уәде берген еді. Алайда ол үстемақыны көрмедік. Қазір барлығы қымбат. Мардымсыз еңбекақымен қалай күн көреміз? Нағыз, қауіпке бас тігетіндердің ақшасы өспеген.

«Семей орманы» резерватының кеңсесіне жиналған қызметкерлер жұмысқа шығудан жаппай бас тартты. Себебі, алапат өрттен кейін, экология және табиғи ресурстар министрі олардың жалақысын көтеруге уәде еткен. Дегенмен 1 шілдеден бастап 70 пайыз үстемақы орманшылардың бәріне бірдей қосылмаған. Тіпті кейбір қызметкерлердің маңдай тер еңбекақысы әлі 60-80 мың төңірегінде ғана. Әсіресе трактор және өрт техникаларының жүргізушілері, байланыс операторлары, техникалық қызметкерлердің жалақысы мүлдем өсірілмеген. Ал, резерват басшылығы еңбекақы дауына қатысты есеп-қисап жүргізілетінін жеткізді.

Әсемгүл Нсамбекова, «Семей орманы» бас директорының міндетін атқарушы:

- Қайта есептеу өте ұзақ уақыт алады. Өйткені ұжым өте үлкен. 1300 қызметкер бар. Сондықтан есепшілер түгелін қайта есептейтін болады. Үстемақы барлық қызметкерлерге төленеді. Шамамен дүйсенбі күні түсуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.