Отандасымыз, әлем чемпионаты жүлдегерінің еміне қаражат керек
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері отандасымыз Елена Кольцованың еміне қаражат керек. Бірнеше жыл бұрын ғана шаршы алаңда топ жарып жүрген спортшы қазір өмірі үшін күресіп жатыр.
Автор: Шерхан Абзалұлы
04.09.2023
Ауыр сырқатына байланысты қозғалыссыз қалған ол қазір тіпті сөйлей алмайды. Жолдасының айтуынша, оған Өзбекстандағы дәрігерлер көмек көрсете алады. Бірақ көрші мемлекеттегі бірнеше айдан тұратын оңалту орталығына жіберуге қаражат қажет.
Арман Есенғазин, күйеуі:
- Өкінішке қарай, диагноз бір орында тұрмай, асқынып барады. Еленаның өмрін жеңілдету үшін оны оңалту керек. Әр үш ай сайын. Ташкентте клиника бар. Тура сол клиникада Еленаның диагнозына көмектесе алады. Жағдайымыз жоқ, ол жаққа баруға. Сондықтан біз көмек сұрауға мәжбүрміз.
Ақ халаттыр боксшының бұндай дертке шалдығуына спортта алған жарақаттарының «еш қатысы жоқ» дейді. Уақыт өте пайда болған аурудың әсерінен спортшының бұлшық еттері істемей, тыныс алуы да қиындай түскен. Елімізде қанша емделгенімен, денсаулығы күннен-күнге нашарлап барады.
Екі баласы бар анаға өмір сыйлау үшін оның отбасы жомарт жандардан көмек сұрайды. Ташкент қаласындағы оңалту орталығының қызметіне жүгінуге 4 жарым миллион теңгедей қаржы қажет.
35 жастағы Елена Кольцова әйелдер арасындағы бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Азия кубогы және Азия мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері.
KZ18722C000054432450
4400430167685673
ARMAN YESSENGAZIN
+7 778 332 5643 Арман Е.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!