{metadescription}
Отан алдындағы борышын өтеп келгендер оқуға қабылданды
Отан алдындағы борышын өтеп келгендер оқуға қабылданды

Отан алдындағы борышын өтеп келгендер оқуға қабылданды

Отан алдындағы борышын өтеп келгендер оқуға қабылданды. Елімізде әскерге барған жас жігіттер жоғары оқу орындарында білім ала бастады. Биылдың өзінде 363 жігіт студент атанған. Олар ұшқыш, инженер және әскери мамандықтарды таңдапты.

Бауыржан Тынышкереев, ҚР Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанты:

- Талдықорған гарнизоны әскери бөлімінде мерзімді қызметімді аяқтап, оқуға түстім. ҰБТ-сыз оқуға түстім. Қазіргі таңда әуе қорғаныс күштері әскери институтында білім алып жатырмын. Бұрын арманым, негізі ұшқыш болғым келіп еді. Біздер сол бірінші легіміз.Соған ілігіп кеткеніме қуаныштымын.

Бұрын сарбаздар оқуға түсерде тест тапсырып, ҰБТ-ның ұпайын есептеп жүретін. Әскерге барғандарға емтихан жағынан ешқандай қиындық болмады. Енді алдымен Отан алдындағы борышты өтеп, одан соң еш қиындықсыз, университит, не институт таңдауға болады.

Қазір студент атанған 363 жауынгер қатарластарымен танысып, сабақтарын енді бастап жатыр. Тегін оқып, шәкіртақы алатындарына да қуанышты. Әскери комиссариаттағылар осы сынақты алып тастағаны жақсы болды дейді. Себебі бұрынғыдай әскерден қашатындар азайған. Қазірдің өзінде келер жылы оқуға түсуге өтініш білдіріп жатқандар көп.

Мейрамбек Сақып, Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары:

- Қазірдің өзінде шекара қызметі басталды. Біз бірінші команда 17 адам жібердік. Оның ішінде келгендердің көбі сол жоғары оқу орнына түсуге, ҰБТ-сыз қабылдануға мүмкіндігін пайдаланып, әскерге баруға ниет білдіргендер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде