{metadescription}
Аққұм мұғалімдері "Күнделікті" толтыру үшін көрші ауылға сабылып жүр
Аққұм мұғалімдері "Күнделікті" толтыру үшін көрші ауылға сабылып жүр

Аққұм мұғалімдері "Күнделікті" толтыру үшін көрші ауылға сабылып жүр

Түркістан облысындағы мұғалімдер мақтаулы "Күнделікті" толтыру үшін көрші ауылға күнде сандалып жүр. Себебі Аққұм ауылында не байланыс, не мобильді интернет жоқ.

Олар оқушылардың бағасын электронды күнделікке енгізу үшін ондаған шақырым жол жүреді. Ал оны жасамаса түсініктеме жазып, тіпті жұмыстан қуылуы мүмкін екен. Осыдан қорыққан отыз шақты мұғалім мектептен шыға сала, такси жалдап, интернеті бар ауылдарға сабылады. Білім беруден емес жол жүруден қажыған ұстаздармен КТК тілшісі тілдесіп келді.

Не байланысы, не интернеті жоқ Аққұм ауылында ғаламторға жалғанған жалғыз компютер тек мектепте ғана бар. Оның өзі айына 10 гигабайт шектеумен берілген. «Бар» деген аты болғанымен, іс жүзінде бір адамның қажетіне жарамайды. Соның салдарынан мұндағы оқушылар заман көшінен қалып қойған. Ғаламтордың не екенін білмейтін балалар информатика пәнін кітаптан оқып жүр. 

Алмасбек Сарман, мұғалім:

Әзірге бізге оқушылардың интернетке кіруге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан бізде бір точка, оның өзі жаңағыдай. Оқушылар тек қана теория жүзінде кітаппен және компютермен жаңағы жұмыс жасаймыз. Практика жоқ, интернет жоқ. 10 гигабайт дегеніңіз қанша күнге жетеді ол? 10 гигабайтты бізге 30 күнге жоспармен берген. Ол ары барса 34 күнге жетеді. Мәжбүрміз көрші ауылға баруға.

Аққұмдағы 30-дан аса мұғалім жұмысы біткен соң, бірден үйіне қайтпайды. Себебі, электронды күнделік толтыру керек. Оны толтырмаса сөгіс алады, жұмыстан шығарылады. Сондықтан сабақ біте сала, интернеті бар көрші ауылға жүгіреді.

Мектепке директор мен қарауылды қалдырып, ұстаздар жаппай көлік іздейді. Біреуі танысымен, енді бірі такси жалдап, 10 шақырым жердегі интернеті бар Алтын төбе ауылын бетке алады. Ноутбугын құшақтаған күйі көбі көшеде отырып, бір күннің жұмысының есебін толтырады. Жауын-шашын кездері таныстарының үйін жағалайды. Ал күн сайын барып келу қып-қызыл шығын.

Құралай Қожабергенова, мұғалім:

Егер адам көп болса, 200 теңгеден шығарамыз. Бір өзің болсаң, мың теңге беремін күн сайын. 500 теңге, мың теңгеден. Таныстар болса, арзан алады. Тоқсанның басында қортыныды есеп жасаймыз. Сонда біз түнгі сағат 121-ге дейін істейміз. Бала-шаға үйде қараусыз қалады. Не мектепте емеспіз, не үйде емеспіз. Жұрт күледі Аққұмның мұғалімдері сыған сияқты жүреді немесе қыдырып жүреді деп. «Бұларға рахат» дейді. Бізге рахат емес. Қараусыз бала-шаға. Мектепте отырсақ жақсы емес пе, көп нәрсе істейміз ғой. Уақыттың бәрі жолға кетеді. Қайтарда жаяу-жалпы қайтамыз.

Аудан атқамінерлері Аққұмға орнатылған базалық станса дұрыс қойылмаған дейді. Оны жақсарту бойынша облысқа да бірнеше мәрте хат жолданыпты. Әзірге нәтиже жоқ. Сондықтан шенеуніктер шалғайдағы ауылға талшықты оптика желісін тарпайынша, интернет мәселесі шешілмейді деп отыр.

Ерсайын Нұрлыбек, Қазығұрт ауданы әкімдігінің ұйымдастыру инспектор бөлімінің бас инспекторы:

Құдай қаласа, биыл және ағымдағы жылы және ендігі жылы оптика желісін жүргізеді. Сол кезде негізгі стансаның сапасы жақсарады деген үміттеміз, интернет желісінің. Егер оптика жүргізген кезде оптика желісін тарту арқылы модернизация жасап, 4G байланыс желісіне қосуға мүмкіндік болады.

Аққұм ауылында интернет келер жылға дейін болмайды. Сондықтан мұғалімдер электронды күнделікті толтыру үшін күн сайын көрші ауылға қатынауына тура келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде