{metadescription}
Талғар: Соққы жеген екі дәрігердің жағдайы әлі оңалмаған
Талғар: Соққы жеген екі дәрігердің жағдайы әлі оңалмаған

Талғар: Соққы жеген екі дәрігердің жағдайы әлі оңалмаған

Алматы облысында оңбай таяқ жеп жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан екі дәрігер есін енді жиды. Жағдайы әлі толық оңалмаған. Тіпті реаниматологтың бір көзі көрмей қалуы мүмкін.

Талғар аудандық орталық ауруханасы:

- Реаниматолог дәрігердің көру қабілеті нашарлаған: сол жақ көзі нашар көреді. Қадағалаймыз, мүмкін көзіне ота жасау керек болар. Тағы бір қызметкердің мұрны сынған. Жағдайы тұрақталғаннан кейін оған жоспар бойынша ота жасалады.

Соңы төбелеске ұласқан жанжал өткен сейсенбіде Талғар ауданының орталық ауруханасында болды. 64 жастағы Бақыт Шормановтың өліміне сондағы дәрігерлерді кінәләған жақындары мекемеге баса-көктеп кіреді. Кейін үш бірдей медицина қызметкерін соққыға жығып, туысының денесін күшпен әкетеді. Ал ауыр соққыдан есінен танған екі дәрігер жансақтау бөлімінен бір-ақ шығады. Таяқ жеген 27 жастағы реаниматолог пен 21 жастағы мейіргер екеуі де бас жарақатын алған. Екіншісінің мұрны да сынған. Шатақ шығарған екі күдікті қазір қамауда отыр. Әлі тергеліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде