{metadescription}
Шымкентте көлікке жалған нөмір жасайтын цех анықталды
Шымкентте көлікке жалған нөмір жасайтын цех анықталды

Шымкентте көлікке жалған нөмір жасайтын цех анықталды

Шымкентте көліктерге жалған мемлекеттік нөмір жасайтын цех анықталды. Шымкент-Самара тасжолында жалған нөмір тағып ұсталған Нива қожайынының соңынан түскен түркістандық полицейлер тіркеуде жоқ нөмірлерді жасап жүрген цехты ұстасымен қоса ұстапты.

Цех қожайыны ғимараттың қабырғаларына дейін өтірік нөмірлерді жабыстырып тастапты. Тінту кезінде шеберхана ішінен 103 дана нөмірлік белгі, жүзден астам голограммалық жапсырмалар мен нөмір жасауға арналған станок табылған. Сырт көзге заңды нөмірден айырмашылығы жоқ.  Заңсыз кәсіппен айналысқан ұста қазір тергеушілерге жауап беруде. Қазір оның бұл жұмысты қашан бастағанын, неше жалған нөмірді қанша теңгеге сатқанына дейін анықтау керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде