{metadescription}
Ақтөбе облысында 50-ден аса мұнайшы жұмыссыз қалайын деп тұр
Ақтөбе облысында 50-ден аса мұнайшы жұмыссыз қалайын деп тұр

Ақтөбе облысында 50-ден аса мұнайшы жұмыссыз қалайын деп тұр

Ақтөбе облысында 50-ден аса мұнайшы жұмыссыз қалмақшы. Өңірдегі қара алтын өндірумен айналысатын ірі компаниялардың бірі инженерлері мен технологтарын жаңа жыл алдында қысқартуды жөн деп шешкен. Жастар жұмыссыз жүргенде, зейнет жасына келіп қалған бұл жұмысшылар екі қолға бір күрек таппай қаламыз деп алаңдаулы.

Талғат Қожықов, мұнайшы:

Алдын ала бізді жинап алып, кәсіподақ комитеті жиналыс өткізіп, бізге ешқандай ескерту жасаған жоқ. Тек аяқ астынан «міне, қысқартуға кеттіңдер, 30 қарашаға дейін» дейді. Қиын. Жасым 55-ке келді. Маған жұмыс табу қиын. деген. Көбісі жасы келіп қалған адамдар.

«Ұлы қабырға» деп аталатын компания бірер күн бұрын мұнайшыларға мессенджер арқылы хабарлама жіберіпті. Онда қарашаның 30-нан бастап жұмыстан қысқартатыны туралы айтылған. Тізімге 54 қызметкер іліккен. Көбісі кен орнындағы қауіпсіздікке жауап беретін мамандар мен инженер-технологтар. Жұмыссыз қалғалы отырған мамандар көмек сұрап кәсіподақ басшылары мен еңбек инспекциясын жағалап жүр. Мұнайшылар қолымызға ешбір қағаз тимеді деп шағымданады. Одан бөлек, компания басшылары қысқаруға қатысты түсініктеме беруден де қашып отыр дейді.

Дегенмен еңбек дауына қатысты, инспекциядағылар «Ұлы қабырға» серіктестігін тексеруге кірісті. Бұрғылаумен айналысатын мекеме «СНПС-АқтөбеМұнайГаздың» мердігері ретінде тапсырысын орындап келеді. «Соңғы жылдары жұмыс көлемі азайып, ақшадан тарығып отыр» - дейді инспекторлар. Бірақ алғашқы кездесуде 19 жұмысшыны қысқартпауға мәмілеге келген.

Талғат Исқарин, Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

Қазір тексеріс жүріп жатыр. Сонымен қатар ана жұмыс берушімен бірнеше рет кездесу өткіздік. Соның арқасында қазір 19 адамды қысқартпайтын болды. Әртүрлі жағдаймен. Ал қалған 35 адамды қысқарту болады дегендей. Сонымен әлде де сөйлесіп, кездесіп, әрекет жасап жатырмыз. Тексеріс те жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде