{metadescription}
Павлодар облысы: 7 жасар қыздың өлімінен кейін бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алды
Павлодар облысы: 7 жасар қыздың өлімінен кейін бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алды

Павлодар облысы: 7 жасар қыздың өлімінен кейін бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алды

Екібастұз маңындағы Бесқауға аулында 7 жасар қыздың өлімінен кейін бірнеше шенеунік қатаң сөгіс алды. Павлодар облысының әкімі оларға балалар қауіпсіздігі, тәрбие беру мен бақылауды босаңсытып алдыңдар деп шүйлікті. Асайын Байхановтың айтуынша, шенеуніктер дұрыс жұмыс істесе, бұл сұмдықтың алдын алуға болар еді.

Аталған отбасы бұрыннан жағдайы нашар ретінде есепте тұрғанымен, соңғы алты жылдан бері назардан тыс қалған. Анасы араққа салынған үйде тіпті тамақ ішетін үстел де болмаған. Олардың жайын білген бір шенеунік жоқ. Ашуға мінген әкім өзінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары, Екібастұз қаласы әкімі мен орынбасары, облыстық білім беру және әлеуметтік қорғау басқармаларының басшыларына қатаң сөгіс берді. Ал сол ауылдың әкімін жұмыстан шығару туралы ұсыныс жасады.

Естеріңізге салсақ, 17 қарашада жоғалды делінген қаршадай қызды 3000-ден аса адам іздеген. Тікұшақ пен сүңгуірлер де іске қосылды. Үш күн өткеннен кейін қыздың денесі үйдің маңында көмілгені анықталған. Қылмысқа күдікті ретінде Милананың анасы мен оның көңілдесі қамауға алынды.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

Әр мемлекеттік органның басшысы басшы болғаннан кейін жауапты болуы керек. Өзінің сұрағына ие болуы керек. Өзінің саласына ие болмаған басшы, әрине, ертеңгі күні қалай да осындай бір зиян әкеледі. Сондықтан біздің басты мақсатымыз балалардың құқығын қорғау.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.