{metadescription}
Өгей қызының көзін құртып, өлімін жазатайым оқиғадай көрсеткісі келген
Өгей қызының көзін құртып, өлімін жазатайым оқиғадай көрсеткісі келген

Өгей қызының көзін құртып, өлімін жазатайым оқиғадай көрсеткісі келген

«Өзі құлап өлді» деп, қылмысын жасырғысы келген». Алматыда жеті жасар қызды ұрып өлтірді деп айыпталған өгей шешеге қатысты сот отырысында прокурор айыптау актісін оқыды. Мемлекеттік айыптаушы Балжан Тұрлыбектің қылмысқа жоспарлы түрде барғанын айтып отыр.

Үлкен дәретін ескертпестен жіберіп қоятын өгей қызы әбден мазасын алған соң, көзін құртып, өлімін жазатайым оқиғадай көрсеткісі келген. Мұндай сұмдыққа барған әйелдің ашуланшақ әрі қатігез екенін көршілері де растап отыр. КТК тілшісі тың мәліметтерге сот отырысына қатысып келді.

Жеті жасар өгей қызын ұрып өлтірді деп айыпталған Балжан Тұрлыбек сот залына кірген бойда екі қорғаушысының біреуі видеоға түсірмеуімізді талап етіп шу шығарды. Не айтақыны белгісіз, әйтеуір екеуі екі минуттан аса тығылып сөйлесіп, ақыры орындарына жайғасты.

Сот отырысы прокурордың айыптау актісін оқумен басталды. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, Балжан Тұрлыбек қылмысты тыңғылықты жоспарлаған. Өйткені өгей қызы үлкен дәретін ескертпестен бұтына жіберіп қоятын болған соң, оның киімдерін жуудан ығыры шығыпты.

Данияр Тағаев, прокурор:

Балжан Тұрлыбек сол күні 10 жарым шамасында кәмелетке толмаған Закураевамен жалғыз қалады. Сөйтіп, ол Закураеваға жақындап, дәрменсіз күйін пайдаланып, жеткіншектің мойнынан ұстап алады. Осыдан кейін басын батареяға ұрады. Кейін жуынатын бөлмеге кіргізіп, тағы да басын қабырғаға ұрады. Иннерциямен Закураеваның басы кафельге соғылады. Осылайша жеткіншек дәрігерлер жеткенше жан тапсырған. Ал Балжан Тұрлыбек Бәкенге қыз кездейсоқ құлады деп айтқан.

Кезек-кезек мінберге шыққан жәбірленуші тарап пен куәгерлер бірауыздан 47 жастағы Балжан Тұрлыбектің өте қатігез ана екенін айтты. Яғни қыздың өліміне өгей шешесін кінәлады. Бірақ айыпталушының өзі баланың өліміне басын қатырғысы келмейтін сыңайлы. Қамқор екенін көрсеткісі келді ме, берген сыйлықтарын түгендеп шықты. 

Өгей шешенің қылмысын жасырғысы келгенін прокурор ғана емес, марқұм Каринаның жақындары да тілге тиек етті.

Екатерина Закураева, марқұмның туысқан әпкесі:

Бала қайтыс болғаннан кейін Балжан Бәкенге «Мен оны өлтіріп қойған сияқтымын» деп қоңырау шалған. Сөйтіп Бәкен үйге жүгіріп барады. Екеуі жедел жәрдем шақырмас бұрын сол кезде қайтыс болған жеткіншектің мәйітін жуындырып, нәжіске толған киімін кірге лақтырған. Егер дәрігерлер ертерек келсе, Каринаны мүмкін құтқарып қалуға болатын еді.

Бәкен дегені қыздың туған әкесі. Әжесінің қолында болған қызын бірге тұрған әйелдің үйіне кіргізген де сол. Бірақ өзі алдыңғы сот отырысында да, бүгін де төбе көрсетпеді. Оның азаматтық некедегі әйелі Балжан Тұрлыбектің қатігездігін көршілері біледі екен.

Наталья Матвеева, көршісі: 

Балжан өте ашушаң. Бірнеше мәрте ол үйде шу болғанын естігем. Неше түрлі адам жиналып ішімдік ішеді. Бір-біріне боғауыз сөздер айтады. Тіпті ол үйде төбелестер де болды. Бәрін естідім. Негізі қыздың тәрбиесімен әжесі айналысқан. Карина әжесімен жүрсе көңілді, көпшіл болады. Ал Балжанмен бірге тұра бастаған кезде жеткіншек тұйық болып қалды. Өз қатарластарымен де ойнамайтын.

Елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға биыл 10 шілдеде болды. Жеті жасар Карина өгей шешесінің қолында төрт ай бойы тұрғанда әбден таяқ жеген дейді жақындары. Сөздерінше, ақыр соңында үлкен дәретін жіберіп қойғаны үшін қатігез әйел жеткіншектің басын қабырғаға ұрады. Қатты соққыдан миына қан құйылып, Карина бірден жантәсілім еткен. Жеткіншекті өлтірді деп айыпталған Балжан Тұрлыбек кезінде қоғам белсендісі болған. Енді кінәсі толық дәлелденсе, 20 жыл немесе өмір бойына дейін темір торға тоғытуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.