Қарағанды облысы полиция департаменті қызметкеріне іздеу жарияланды
Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы полиция департаментінің лауазымды қызметкеріне іздеу салды. Тергеу департаментінің бұрынғы бастығы Рустам Күлкеевке ұрлық жасады және қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
27.11.2023
Рустам Күлкеев 2021 жылы жасалған қылмысқа күдікті ретінде танылған. Сол жылы облыстық полиция департаменінің тергеу басқармасын басқарған. Қызметтік лауазамын пайдаланып қылмыстық істе айғақтар ретінде алынған майнинг құрылғылаын қолды қылған. Оған басқарманың тағы бір тергеушісі көмектескен.
Екеуі де қазір тергеуге алынды. Күлкеев соңғы жұмыс орны Саран қаласы полиция бөлімі бастығы қызметінен екі ай бұрын босатылған. Бірақ айғақтарды қолды қылу ісінде күдікті ретінде тергеу әрекеттерін жүргізуге келмей қалған. Үйінде де жоқ екен. Жақын арада төбе көрсетпесе, оған халықаралық іздеу жарияланатын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!