{metadescription}
Министрлік «Айканың тізіміне» бас қатырып отыр
Министрлік «Айканың тізіміне» бас қатырып отыр

Министрлік «Айканың тізіміне» бас қатырып отыр

Елімізде жезөкшелік қызмет ретінде заңдастырылмайды. Әділет министрі жеңіл жүрісті қыздар мәселесі мүлдем қарастырылып жатқан жоқ деп мәлімдеді. Әйтпесе жезөкшелік заңдастырылады-мыс деген әңгіме ел арасында көптен бері айтылып жүрген.

Министрліктің қазіргі бас қатырып отырған мәселесі әлеуметтік желіде дау туғызған «Айканың тізімі». Ішкі істер министрлігі тиісті тексерісін аяқтаған соң, жеке деректерді жариялағандарға жазаны қатаңдату туралы мәселе көтермекші.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

Қазір ішкі істер министрлігі тексеріс жүргізіп жатыр. Жазаны қатаңдату мәселесін әлі зерделейміз. Азаматтардың жеке деректері интернет бетін еркін кезіп жүрмеуі керек. Бұл мәселені қарастырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде