{metadescription}
Таразда полицей синтетикалық есірткі сатқан
Таразда полицей синтетикалық есірткі сатқан

Таразда полицей синтетикалық есірткі сатқан

Таразда синтетикалық есірткі саудалаған полицей ұсталды. Шені жоғары қызметкерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция кезінде қолға түсірген.

Күдікті қаладағы №2 полиция бөлімшесіне қарасты криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары болып шықты. Майор шеніндегі тергеуші үш грамға жуық синтетикалық есірткіні 100 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталды. Есірткімен күресудің орнына, оны саудаға салған сақшыға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Қанат Сматов, Тараз ПД басшысының орынбасары:

Есірткі затын өткізді деген күдікпен Тараз полиция басқармасы, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілін ұстады. Аталған дерек бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде