{metadescription}
Енді апат орнына полиция шақырудың қажеті жоқ
Енді апат орнына полиция шақырудың қажеті жоқ

Енді апат орнына полиция шақырудың қажеті жоқ

Енді апат орнына полиция шақырудың қажеті жоқ. Жаңа жылдан бастап жүзеге асқан "Еурохаттама" жобасы аясында көлік иелері ұсақ жол апаты болған жерде полицейдің қатысуынсыз-ақ, өзара келісіп, онлайн хаттама түзе алады. Мобильді қосымша арқылы қазақстандықтардың сақтандыру полисін қас-қағым сәтте рәсімдеп, өтемақыны тез алуға мүмкіндігі туды.

Айтжан Тайкенов, ҚР ІІМ ӘПК басқарма бастығының орынбасары:

Еурохаттама арқылы жол-көлік оқиғаларын рәсімдеу үшін міндетті үш шарт бар. Біріншіден, көлік оқиғасына екі көлік құралы ғана қатысқан кезде. Екіншіден, жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болса және кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушілік болмаса. Үшіншіден, апатта денсаулығына залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген залал сомасы 100 АЕК аспаса.

Жүйенің жұмыс істеуін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бақылайды. Бар-жоғы үш күннің ішінде "Еурохаттама" қосымшасы арқылы жол апатын онлайн тіркеуге мыңнан аса өтініш келіп түскен. Соның алтауы "тіркелді" деген мәртебе алып, өтініш бірыңғай сақтандыру деректер базасына жіберіліпті.

Жалпы жол апатын рәсімдеу үшін бар болғаны "Еурохаттама" мобильді қосымшасында тіркеліп, апат орнынан фото және видео түсірсе жеткілікті. Ал қандай да бір сұрақ туындай қалса, жүргізушілер жақын жердегі полиция бөліміне жүгіне алады.

Жаңа жылда іске қосылған жобаның біршама артықшылығы бар. Мәселен, ертеректе бұл процесс 90 күнге дейін созылса, ендігіде тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға дейін тек бес күн уақыт керек. Бұл көлік иелерінің айтарлықтай уақытын үнемдейді. Оған қоса жолдағы кептеліс те едәуір төмендейді. Сондай-ақ жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол апаты кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Яғни ешқандай айыппұл арқаламайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.