{metadescription}
Экс-күйеуінің соққысынан зәрезап болған астаналық келіншек араша сұрады
Экс-күйеуінің соққысынан зәрезап болған астаналық келіншек араша сұрады

Экс-күйеуінің соққысынан зәрезап болған астаналық келіншек араша сұрады

«Өлуден басқа амалым қалмады»! Арнамызға бұрынғы күйеуінің соққыларынан қос жақ сүйегі сынып, әбден зәрезап болған астаналық келіншек араша сұрап хабарласты. Айтуынша, бұрынғы күйеуі күндіз терезесіне тас лақтырса, түнде оқ атудан тайынбайды. Бір емес, бақандай 25 рет хаттама толтырылса да, полиция «қылмыс құрамы жоқ» деген сылтаумен жауапқа тартпай отыр екен.

Қорқыныштан құты қашып, тұрмысының берекесі кеткен келіншекпен КТК тілшісі тілдесіп қайтты.

Жеті жасар Тоғжанның көзін ашқалы көрген көрінісі. Айтуынша, әкесі ішіп келеді, үйдің астан-кестеңін шығарып анасын сабайды. Одан қалса сіңлісі екеуінің шашынан жұлып, тепкінің астына алады. Үйіндегі «ұртоқпақтан» құтыламын деп ажырасып кеткеніне алты жылдың жүзі болса да, Таңшолпан күйеуінің өктемдігін әлі күнге дейін көріп келеді. Тіпті мекенін ауыстырып жағдайымыз оңалар деп, Тараздан Астанаға қоныс аударған.

Таңшолпан Керімова:

Үйімнен, жұмысымнан шыға алмай қалдым. Мұрнымды сындырғанына байланысты қылмыстық іс көтеріліп, кейін тоқтап қалды. Учаскелік полицей «ешқандай құқықбұзушылық көріп тұрған жоқпыз» дейді. «Өткенде мұрнымды сындырды ғой» десем, ол өтіп кетті ғой дейді.

Келіншек шаңырақ көтергелі 25 рет ішкі істер органдарына жүгініпті. Айтуынша, түрлі себеппен іс жылы жабылып, құзырлылар хаттама толтырудан әрі аспайды. Тек бірнеше рет қанталап жатқан келіншекті көрген учаскелік полицей күйеуін 10 тәулікке уақытша ұстау абақтысына ғана қамаған.

Таңшолпан Керімова:

Қайтемін, енді?! Өліп қалу керек пе?! Ешқандай құқықбұзушылық көріп тұрғанымымыз жоқ, келсе 102-ге хабарласыңыз дейді. Оның анасы бұрын ІІД-да істеген. Таразда мен ешқандай әділдік таппадым ғой. Таразда барлық неден сол кісі құтқарып отырды. Мамасы сол жақта істегеннен кейін, мен ешқандай әділдік таппадым ғой.

Абақтыдан шыққан соң бұрынғы күйеуінің ашуы тіпті үдей түскен. Не жұмысына, не далаға шыға алмай қалған келіншек қазір екі қызымен елордадағы дағдарыс орталықтарының біріне жайғастырылған.

Жұлдыз Аймағамбетова, Астана қаласы дағдарыс орталығының психологы:

Жиі келіп түседі, осындай әйелдер. Көбінесе сол күйеулері қол көтереді. Психологиялық жәбір көрсетеді. Бұл орталықтың істегеніне 10 жыл болды ғой. Осы уақыт ішінде 2300-ден астам адам түсті. Бірақ жыл сайын адам саны көбейіп келе жатыр.

Алматы ауданы учаскелік полицейлері соңғы рет келгенде, әдеттегідей тек әкімшілік іс қозғап он тәулікке қамаған. Ал қылмыстық іс ашуға құрам таппайды.

Гүлмира Шырахметова, Астана ПД ресми өкілі:

Аталған факті бойынша құқықбұзушылық анықталып, Алматы ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Бұған дейін қала тұрғыны жүгініп, жанжал шығарып, оны қудалап жатқан бұрынғы жұбайына қатысты шара қабылдау туралы өтініш білдірген болатын. Полиция қызметкерлері әкімшілік іс қозғады.

Ал өмірден баз кешіп кеткен келіншектерге көмек қолын беріп жүрген адвокат Саида Сүлейменова «әйелге келгенде үнемі әділет тұншығады» дейді. Істің басым бөлігі әкімшілік іс ашумен тоқтап қалады. Сондықтан мұндай жағдайда учаскелік полицейдің селқостығын байқасаңыз, міндетті түрде аудандық прокуратурға шағым түсіру керек екен.

Саида Сүлейменова, адвокат:

Қазақстан бойынша, өкінішке қарай, үш күнде бір рет кездесетін жағдай. Себебі әрбір жанұяда болатын жағдай. Мына жерде учаскелік полицейлер әйел бірнеше соққы алғанын көре ме, міндетті түрде қылмыстық іс қозғалуы керек.

Батылы жетіп басындағы қайғысын шырылдан айтқан 31 жастағы Таңшолпан Керімова біздің арна арқылы өзін бұрынғы күйеуінен арашалап беруді өтініп сұрайды. Себебі қос қызғалдағының бойжеткенін, жүйкесінің жүнжімей, қоғамда өз орнын тапқанын аман-есен көруді күні-түні бір Құдайдан жалбарынып тілеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.