{metadescription}
Кентауда жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр
Кентауда жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр

Кентауда жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр

Кентау қаласының тұрғындары жылуға ақша төлеуге қарсы шығып жатыр. Себебі 60 мың тұрғыны бар шағын шаһарда қараша айынан бері жөнді жылу жоқ. Сондықтан электр пешімен тізесін жылытқан тұрғындар ақы төлемейміз дейді.

Севара Акрамова:

-Жылу жоқ. Мен пеш қосып электрмен отырмын. Алты балам бар, үйіміз мұздай. Келсе, әкімді бір күнге үйге шақырайын деген едім үйге, бір қонып кетсе екен деп, бала-шағаммен қосылып. Үйімізде бір грамм жылу жоқ. Әкімшілікке төрт мәрте бардым. Келіп тексерген де жоқ. «Ойбай, қосамыз, бүгін-ертең қостық» дейді. Бірақ қосылған жоқ. Жарықпен отырмыз. Айына 15-20 мың келіп тұрыпты.

Дірдектеген жұрт жаппай электр құрылғыларын қосқан соң, ескі желілер шыдамай, жарық жиі сөнеді екен. Тұрғындар үйінде қалың киіммен жүріп үйренген. Бірақ жергілікті шенеуніктер тұрғындардың сөзімен келіспейді. Кентауға жылу беруі тиіс энергоорталығының былтыр ғана төрт қазандығы жөндеуден өткізілген дейді. Тіпті ақпан айында тағы бір қазандығын іске қосамыз дейді шенділер. Ал пәтерлердің жылымай тұрғанына тұрғындардың өзін кінәләді.

Ғалымжан Төлепов, Кентау қаласы әкімінің орынбасары:

-Негізі энергетика заңы бойынша әр тұрғын өзі көпқабатты тұрғын үйде жазда стояктарын ауыстыруы керек. Радиаторларын тазалау керек. Өкінішке қарай ондай жұмыстар жүргізілмеген. Қазір біз температураны тұрақты беріп жатырмыз. Кейбір үйде жылы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде