Павлодарда балаларға жарамды мерзімі өтіп кеткен вакцина салған
Павлодарда балаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакцина салыныпты. Мұндай сорақылықты прокурорлар анықтаған.
Автор: Ақмаржан Қалымбек
05.02.2024
Қадағалаушы органның мәліметінше, денсаулық сақтау басқармасының қоймасында құны 21 миллион теңге болатын тоғыз жарым мың доза екпе сақталған екен. Соның 135 құтысы қаладағы емханалардың біріне жеткізіліп, кейін балаларға салынған. Оның қандай кері әсері болғаны туралы әзірге мәлімет жоқ. Десе де мерзімі өткен вакциналар жойылып, ісіне салғырт қараған мамандар жауапқа тартылды. Сондай-ақ прокурорлық тесеріс кезінде бес балаға «қызылшаға қарсы екпе алды» деген жалған құжат жасалғаны анықталды.
Дастан Сәкенов, Павлодар облысы прокуратура басқармасы прокурорының орынбасары:
— Салынған преператтың аты «Пентаксим». Ол дифтерияға арналған. Үш күн мен төрт күннің аралығында мерзімі өтіп кеткен. Қазір бұл бағытта тексеру жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!