Министр: Мектеп медресе емес — діни рәсім жасауға рұқсат берілмеген білім ошақтарында намазхана ашылмайды
"Мектеп медресе емес, сондықтан білім ошақтарында намазхана ашылмайды". Оқушылардың сыныпта сәждеге жығылған видеосына қатысты бүгін оқу-ағарту министрі осылай жауап берді.
Автор: Айжан Шамшидин
20.02.2024
Спорттық киім киіп алған оқушылардың қай мектеп, қай өңірден екені әлі нақты анықталмапты. Дегенмен әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада бес парыздың бірін өтеп жатқан тәлімгерлердің №90 мектептің 11 сынып оқушылары екені жазылған. Хиджап төңірегіндегі дауға нүкте қойылғанда, министрлікке енді жер-жерде, ата-аналардан намазхана ашу ұсынысы да түсіп тұрады екен. Өз кезегінде министр заң бойынша оқу орындарында діни рәсім жасауға рұқсат берілмегенін кесіп айтты.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
— Мектеп — ең бастысы білім мен тәрбие ошағы. Мектепті ұстаздарымыз білім беруге бағыттау керек. Бұл туралы біз үнемі айтып жүрміз. Бұл ұстанымнан біз тайғамыз жоқ. Сондықтан бұл жерде басқа мәселе көтерудің қажеті жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары