{metadescription}
Алматыда 200-ге жуық үй иелері Үлкен айналма жолының ұзартылуына қарсы
Алматыда 200-ге жуық үй иелері Үлкен айналма жолының ұзартылуына қарсы

Алматыда 200-ге жуық үй иелері Үлкен айналма жолының ұзартылуына қарсы

Алматыда 200 шақты үйдің тұрғындарды Үлкен айналма жолының ұзартылуына қарсы шықты. Себебі жол құрылысына байланысты баспаналары сүріледі дегенді естіген. Содан бері түнде ұйқысынан, күндіз күлкісінен айырылған. Аудан әкімдігі әлі бекітілмеген жоспарға бола шу шығарудың қажеті жоқ дейді.

Өжет ықшамауданының тұрғыдарынан бүгінде маза қашқан. Базынасын даулағандар таңның атысымен, тай-тұяғы қалмай аудан орталығына жиналды. Айтуларынша, жергілікті әкімдік ауылдағы жер үйлерді бұзып жол салмақшы.

Раушан Нүсіпова:

Бұл үйде менің әке-шешем тұрған. Балалық шағым өткен үйді ешкімге бермеймін.Қанша ақша берсе де, біз үйімізді бұзуға келсіпейміз. Себебі бұл үйде бір ғана жанұя тұрмайды. Бір үйде 2-3 отбасы тұрып жаты. Біз ешқайда кетпейміз.

Кіндік қаны тамған жерден ешқайсысының айрылғысы келмейді.Тіпті биліктегілердің жол салынатынын хабардар етпегеніне өкпелі.

Тамара Бузмакова:

  Бізге ешқардай хабарлама, ескерту, ұсыныс та келмеді, біздің әкімдік бір мекеменің ашылуы болады деп шақырды. Сосын бұл туралы 2023 жылы келісім болған, болатын деп айтты. Ол кіммен болған келісім, оны бізге айтпады.

Зейнеткер Асқар Қасеновтің де талабы осы. Туғаннан бері осында тұратын азамат үйінен көшпейтінін айтып отыр. Қанша өтемақы төлесе де, райынан қайтқысы жоқ.

Асқар Қасенов:

  Ақшаның маған керекгі жоқ. Әке-шешемнің, ата-бабамның кіндік қаны тамған жер маған жақын. Мені оданда трактормен көміп кеткені дұрыс. Орнымнан тырп етіп қозғалмаймын.

Жоспарда Тілендиев көшесі осы ықшамауданның үстімен өтуі тиіс. Ал жол түсетін аумақта 200-ге тарта жер үй бар. Тек сол сүрілетін үйдің иелері бұған үзілді-кесілді қарсы.

Халықтың жиналғанын естіп жергілікті шенділер де көп ұзамай осында келді. Айтуларынша, мәселеден хабардар. Алайда қанша үй сүрілетіні әлі белгісіз. «Қаулы әлі күшіне енбеді» дейді.

Ертіс Бесіров, Алатау ауданы әкімінің орынбасары:

Бүгінгі күнге дейін қанша үй сүрілетіні туралы нақты ақпарат жоқ. Өйткені жобасы әлі бекітілмеген. Сараптама наурыз айында кіру керек. Шілде айында сараптама шығады. Сол кезде анық болады. Қанша үй жолға. қанша үй толық, қанша үй жартылай түсетіні.

Егер баспанасы сүрілетін болса, орнына өтемақы төленеді деп халықты дүрлікпеуге шақырды. Бірақ жұрттың бұған көнгісі жоқ. Олар жоспарды өзгертіп, Үлкен айналма жолды ұзартудың басқа бағытын қарастыруды сұрап отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде