{metadescription}
Қарағанды облысында көлігімен суға кеткен балықшының денесі табылды
Қарағанды облысында көлігімен суға кеткен балықшының денесі табылды

Қарағанды облысында көлігімен суға кеткен балықшының денесі табылды

Қарағанды облысында мұз опырылып, көлігімен бірге суға батып кеткен балықшының денесі бір айдан кейін табылды. Ол канал ағысымен оқиға орнынан 20 шақырым қашықтыққа кетіп қалған.

Оқиға 3 ақпан күні болған. Молодежный кентінен он шықырым жердегі «Сәтбаев» атындағы каналда балықшылар мінген көлік мұз опырылып суға батқан. Екеуі шығып үлгергенімен, жүргізуші көлікпен бірге кетіпті. Кейін шығарылған көліктің ішінде 39 жастағы балықшы болмай шықты. Іздеу жұмыстарына қатты жел, боран және күннің суығы кедергі келтірді. Соның салдарынан сүңгуірлер су астында ұзақ жүре алмай, бірнеше күннен соң іздеу тоқтатылған. Арада бір ай уақыт өткенде марқұмның денесі батқан жерінен 20 шақырым қашықтықта табылды. Оны балықшылар көріп, құтқару қызметін шақырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде