{metadescription}
Алматыда бірнеше жатақханада жарықшақтар пайда болған
Алматыда бірнеше жатақханада жарықшақтар пайда болған

Алматыда бірнеше жатақханада жарықшақтар пайда болған

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін бірнеше жоғарғы оқу орындарының жатақханасында жарықшақ пайда болған. Бірақ адам өміріне қауіп келтіретіндей емес деп шешіпті ғылым және жоғары білім министрлігінің арнайы комиссиясы.

Бой көтергеніне ғасырға жуықтаған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханалары 5 балл жер сілкінісне шыдас беріпті. Тек ғимараттарға сызат түсіп, сылағы құлаған. Ал негізгі тірек құрылымына еш зақым келмеген дейді министр. Енді бүкіл жөндеу жұмысы университет есебінен жасалуы тиіс.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Бүгінде арнайы талдау жүргіздік. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті мен басқа да оқу орындарының жатақханаларында жарықшақтар пайда болған, жер сілкінісі әсерінен. Біз арнайы сарапшыларды шақырып талдау жүргіздік. Нәтижесінде ғимараттардың тірек конструкциясына ешқандай зақым келмегенін анықтадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде