{metadescription}
Бірнеше несиесі бар және берешегін кешіктіргендерге кредит берілмейді
Бірнеше несиесі бар және берешегін кешіктіргендерге кредит берілмейді

Бірнеше несиесі бар және берешегін кешіктіргендерге кредит берілмейді

Бір басында бірнеше несиесі бар азаматтарға микрокредит берілмеуі мүмкін. Банк алдыңғы берешегін 90 күнге кешіктіргендер де қара тізімге енгізіліп, несие тарихы бұзылады.

Мәжіліс қабырғасында депутаттар қазақстандықтарға банктер мен микроқаржы ұйымдары тарапынан кредит беру тетіктерін қатаңдатуды қарастырды. Бұған себеп банкке белшесінен қарыз отандастарымыз күн сайын артуда. Бүгінде сегіз жарым миллион адамның 19 триллион теңге сомасында берешегі бар. Микрозаймдардан бөлек, тұтынушы кредитін алу да қиындайды. Енді ай сайын зейнетақы жарнасы түсіп отыратын, несиелік тарихы бұзылмаған азаматтарға екінші деңгейлі банктер 5 миллион теңгеге дейін, ал микроқаржы ұйымдары 2 миллион теңгеге дейін ғана несие рәсімдей алады.

Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты:

 Қаржы жүктемесінің шамадан тыс өсуін шектеу үшін заңнамалық тұрғыда тұтынушы кредиті деген ұғым енгізеді. Бұл не береді? Ең жоғарғы норматив мәнін шектеуге мүмкіндік береді. Яғни банктеге 5 миллион, микроұйымдарға 2 миллион теңге.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде