{metadescription}
Қарағандылық кәсіпкерлер қызыл судан жапа шекті
Қарағандылық кәсіпкерлер қызыл судан жапа шекті

Қарағандылық кәсіпкерлер қызыл судан жапа шекті

Қарағандылық кәсіпкерлер де қызыл судың зардабын тартып отыр. Көпқабатты үйдің астында орналасқан бизнес нысандары бүлінген дүниені санап, малмандай су болған жиһаздарын шығарып жатыр. Шенеуніктердің салғырттығынан шығынға шаш-етектен баттық дейді олар.

Қала билігі еріген қар суына сақадай-сай дайынбыз деген болатын. Тіпті тендер өткізіп, тасқынға тас-түйін дайын болу үшін бюджеттен 25 миллион теңге бөлген. Алайда кеше күн күрт жылынып, желіде жұлдыз болған әкімнің сөзін де, ісін де жоққа шығарды. Жер үйлердің арасында көліктер батпаққа батып, жедел жәрдемнің өзі жәрдемге зәру болды. Қаладағы екі даңғылдың бір қиылысында ғана жиналған қызыл су елдің есін әбден алды. Шағын бизнес нысандарын су басып жатқанда миллиондаған қаржы алған компанияның қарасы көрінбеді. Көпқабатты үй астында орналасқан дүкен, оқыту орталықтары мен шаштараздар суға белуардан батқан. Күткен көмек келмеген соң, кешелі бері тасқын салдарымен өздері арпалысып жүр. Даладағы қарға тосқауыл қойылып, көшедегісі жиналса, мұндай болмас еді дейді кәсіпкерлер.

Анар Бапылова, кәсіпкер:

-Мұнда қаншама қар жатты, мысалы, мына жолда Құрылысшылар, Шахтеровта. Бүкіл қыс бойы қар жатты, ешкім оны тазалаған жоқ. Әрине, 15 градусқа көтерілгенде түсінікті ғой. Кәдімгідей материалдық шығын келді. Мынаның барлығын ауыстыру, мысалы, мына ресепшн 300 мың тұрады. Ал ана жақта көрсеңіз, қаншама шкаф көтеріліп кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде