Бір жылда коммуналдық қызмет 31 пайызға қымбаттаған
Елімізде тариф те тоқтаусыз өсіп жатыр. Тек соңғы бір жылдың өзінде бірқатар коммуналдық қызмет түрі 31 пайызға қымбаттаған. Бұл негізінен су, жылу және электр қуатына қатысты.
Автор: Әсем Лесбек
27.03.2024
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, су өткен жылғы ақпан айымен салыстырғанда 34 пайызға дейін өсіпті. Ал орталықтандырылған жылу мен суық судың және қоқыс шығару қызметі 31 пайызға дейін көтерілген. Ыстық су шамамен 30 пайызға, электр энергиясы 20 пайызға дейін өсіпті. Ұялы байланыс қызметтерінің бағасы да бір жыл ішінде 12,4%-ға қымбаттаған.
Орталықтандырылған жылыту – 30,9%;
Салқын су – 30,8%;
Қоқыс шығару – 30,7%;
Ыстық су – 29,4%;
Электр энергиясы – 19,9%.
Ұялы байланыс - 12,4%
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!