Құрғақшылық күтілуде
Мамырдың орта тұсында еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық күтіледі. «Қазгидромет» болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде орташа айлық температура бір-екі градусқа көтеріліп, жауын-шашын аз болады. Метеорологтар, әсіресе, Қызылорда облысының Қармақшы ауданы қуаңшылықтан зардап шегуі мүмкін деп отыр.
Автор: Мерей Қалиасқар
22.04.2024
Қамар Сәлиева, «Қазгидромет» РМК аргометеорология болжам басқармасының басшысы:
— Ұлытау, Қызылорда, Қостанай және Ақмола облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл және Қарағанды облысының солтүстік батысында мамыр айында жауын-шашын әдеттегіден аз болады. Яғни нормадан төмен болады.
Дәл сол уақытта, яғни, мамыр айының ортасына қарай Қазақстанның солтүстігінде әдеттегідей егін науқаны басталады. Мамандар бұл ретте су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде қуаңшылық болады деген ғалымдардың болжамымен келіспеді. Олар табиғи апатты ескере отырып, топырақтағы ылғал қоры еліміздің негізгі астық егетін өңірлерде қолайлы болатынын болжап, алаңдауға негіз жоқ деп отыр.
Жалпы еліміздің басым аймағында алдағы мамыр мен маусым ыстық, ал мол жауын-шашын тек шілде айында түседі деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!