{metadescription}
Петропавл: Қызыл су
Петропавл: Қызыл су

Петропавл: Қызыл су

Петропавлға тасқынның екінші толқыны жетіп, құрғап қалған жерлерді қайтадан су баса бастады. Есіл өзенінің арнасы сағат сайын екі сантиметрге көтеріліп келеді. Қазір облыс орталығы мен қала іргесіндегі Қызылжар ауданына қауіп төніп тұр. Бұл жерлер алғашқы тасқында су астында қалған. Қазір құтқару қызметі мен өзге де мамандар бар күшін осы аумаққа салып жатыр. 

Кирилл Иванников, СҚО ТЖД басқарма бастығы:

 Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қолда бар күшті біріктіріп, тасқын апатынан құтқару қамына кірістік. Шал ақын ауыданынан қазір сақадай-сай техникамен әзірленген топ осында келе жатыр. Подгора шағын ауданы мен Заречный кентін және Тепличныйды мейілінше сақтап қалуға күш жұмсауымыз керек.

Өңірге тасқынның екінші толқыны көрші Ақмола облысынан келе жатыр. Есілге су Жабай және Қалқұтан өзендерінен құйылуда. Екі күн бұрын Сергеев су қоймасы тағы да арнасынан асып кеткен. Қазір жарты метрге төмендепті. Ендігі қауіп осы өзен сағалары мен түрлі су арналарынан келіп жатыр.

Қызылжар ауданы тұсында Есілдің деңгейі шамамен 30 сантиметрге қайта көтерілген. Подгора шағын ауданында су деңгейі артып, Астана - Петропавл тас жолының үстімен ағып жатыр. Дегенмен ағыс сәл саябырлауы мүмкін дейді синоптиктер.

Қымбат Мерғалымова, «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының директоры:

Соңғы тәулікте күннің сәл суытуына орай аса қатты ағын байқалмайды. Түнде де ауаның температурасы төмендейді. Тіпті -6 градус болады. Күндіз 5-10 градус жылы. Сондықтан ағыстың жылдамдығы сәл саябырлауы мүмкін. Яғни қауіп азаяды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде