{metadescription}
Тасқын: Петропавл әкімі тұрғындарға басқа баспана іздеуді ұсынды
Тасқын: Петропавл әкімі тұрғындарға басқа баспана іздеуді ұсынды

Тасқын: Петропавл әкімі тұрғындарға басқа баспана іздеуді ұсынды

Петропавл қаласының әкімі тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға басқа баспана іздеуді ұсынды. Әзірге көлкіген суда қалған үйлердің жарамдылығы толық тексерілген жоқ. Десе де төрт қабырғасы қақырап, қайта қалпына келтіруге болмайтын баспаналар көп көрінеді.

Қызыл су қаладағы екі мыңнан аса үйді шайып өтті. Арнайы комиссия шығынды толық есептеу үшін «су тартылуы керек» дейді. Дегенмен мамандар қазірдің өзінде қайықпен жүріп, мүлдем жарамсыз болып қалған баспаналарды есепке ала бастады. Мәселен, Подгора мен Косагор шағын аудандарында тұруға жарамсыз 12 үй анықталды. Оларға қала әкімі Серік Мұхамедиев басқа баспана іздей беруге болатынын айтты. Бірақ кімге қандай үй берілетіні белгісіз.

Қазір Петропавлдағы Солнечный шағын ауданында тасқыннан зардап шеккендерге 100 үй салу үшін құрылыс аумағы әзірленіп жатыр екен.

Серік Мұхамедиев, Петропавл қаласының әкімі:

Тұрғын үй қорынан 18 пәтер әзірленіп жатыр. Мердігер компаниялармен меморандумға да қол қойылды. Коммерциялық тұрғын үйлерден 197 пәтер сатып алу көзделуде. Оның 67-сі бір бөлмелі, 103-і екі және 27 –сі үш бөлмелі пәтерлер. Қаладағы риелтерлермен де жұмыс жүргізіліп жатыр. Сатылымда 204 пәтер бар екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.