Семейде алты адам лифт шахтасына құлады
Семейде лифт шахтасына құлап зардап шеккен алты адамның үшеуі ауруханада жатыр. Олардың аяғы бірнеше жерден сынған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
10.05.2024
Гауһар Қозыбаева:
— Жолдасым екеуіміз болдық. Одан кейін екі жас қыз болды. Төртеуіміз отырдық. Оныншы қабаттан тоқтатты. Сол екі әйел бізге өтінді, отыруға. «Такси тосып тұр» деп. Біз қарағанша, отырып алды. Одан кейін екі қабат жүрдік те, бітті, төмен кетті.
Қазір науқастардың жағдайы бірқалыпты дейді дәрігерлер. Ал оқиға 8 мамыр күні болған. Алты адамның салмағын көтермеген лифт шахтаға құлап кетті. Апаттың нақты неден болғанын мамандар анықтап жатыр. Қылмыстық іс қозғалып тергеу басталған. 14 қабатты үйдегі жедел сатының жұмыс істеп тұрғанына 34 жыл болған.
Серік Байділданов, Семей тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы:
— Тергеу жүргізіліп жатыр. Жедел саты ортақ мүлікке жатады. Тұрғын үй қатынастар заңының 2-бабының 14-тармағына сәйкес. Енді тұрғындар өздері жедел сатыға күрделі жөңдеу жүргізуі керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!